- Advertisement -

497 жоба іске асырылуда

21

- Advertisement -

Жол – экономиканың күретамыры. Бүгінгі таңда облыста жол құрылысы саласында 497 жоба жүзеге асырылуда. Оған бөлінген қаржы 24,7 миллиард теңгені құрайды. Бүгінгі таңда Тараз қаласында ұзындығы 3,3 километрді құрайтын «Бурыл А, Б, В» көше жолдарының құрылыс жұмысымен қатар, Шостокович, Саңырық батыр, Мәмбет батыр және Қаратау қаласындағы екі нысан қайта жаңғыртудан өткізілуде. Оның жалпы ұзындығы – 11,4 километр.

Бұдан бөлек, облыста 785,6 километр жол орта жөндеуден өткізілуде. Оның ішінде облыстық маңызы бар автожолдардың үлесі 137 километр, елді мекен көшелерінің үлесі 558 километр, аудандық маңызы бар жолдар 105 километрді құрайды.

Облыста бүгінге дейін «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 242 километрді құрайтын 33 жоба, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 261 километр болатын 215 жоба іске асырылды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 10,4 километрді құрайтын 4 жоба, «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасымен 4,3 километр болатын 2 жоба шеңберінде жолдар жөндеуден өткізілуде. Ал, жергілікті бюджеттердің есебінен 282,6 километрді құрайтын 243 жол жаңартылуда.

Жыл басынан бастау алған жұмыстар облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қатаң бақылауында. Бүгінде басқарма мамандары жобалардың іске асырылуы бойынша аудандарды аралап, сапаға баса назар аударып отыр. Атап айтсақ, қазіргі таңда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 15 жобаның 5 жобасы өткен жылдан өтпелі болатын. Бүгінде былтыр құрылыс жұмысы басталған 32,7 километрді құрайтын 4 жоба пайдалануға берілсе, 57 километрді құрайтын 5 жаңа нысанда асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды. Қалған 6 нысанда жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жоспарланған 18 жобаның 2 нысанында құрылыс жұмыстары аяқталса, қалғанында жұмыстар жалғасын табуда. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 215 орта жөндеу жобаларының бүгінгі таңға 94 нысанында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Тараз қаласы және аудандарда жергілікті бюджеттер есебінен 223 орта жөндеу жобаларын іске асыру жоспарланған болса, бүгінде, 66 жоба бойынша асфальт төсеу жұмыстары аяқталған, 59 нысанда жол жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Одан бөлек, Тараз қаласында 2022 жылдан өтпелі Мәмбет батыр көшесін қайта жаңғырту жобасы аясында жол жамылғысын төсеу жұмыстары аяқталса, Саңырық батыр, Шостокович көшелерін қайта жаңғырту қарқынды жүргізілуде. Жыл соңына дейін алға қойылған межелі мақсаттарға қол жеткізіліп, жобалар ел игілігіне пайдалануға берілмек.

 

Мұрат САУРЫҚОВ,

облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support