- Advertisement -

Телефонға тәуелділік тыйылмай келеді

182

- Advertisement -

Кейде маған біздің ұрпақ ата-баба салт-дәстүрінен айырылып қалғандай көрінеді. Бір адамды бірнеше адам сабап өлтіру, топтасып барып, жалғыз адамды тепкілеу, бір-біріне әлімжеттік жасау деген сияқты жаман әдет көбейді. Біздің бабаларымыз шектен шыққан адамды топтасып сабаған жоқ, қайта топтасып тезге салатын.

Шет елге еліктеп, есіріп кетушілік те басым. Телефон мен теледидар жаман ақпаратты таратудан алдына жан салмайды. Бұрын телефонның жоқ уақытында да небір академик, ғалымдар шыққан. Солар кітаптан алған білімнің бұлағын пайдаланды.

Біз ата-ана балаға дұрыс тәрбие беруден ақсап бара жатырмыз. Баламен бірге кітап оқысақ – озар едік. Бұл сөзім түптің түбінде дұрыс екеніне көзім жетеді. Қазіргі қоғамда рухани азғындар, оның ішінде қызтеке неге көбейді? Қай жерден шалыс бастық? Алла бізге барлық мүшемізді аманатқа берді, ал біз аманатқа қиянат жасап жүрміз.

Бала біткен телефонға телміріп өсіп келеді. Ал, ата-ана өз қара басының тыныштығын ойлап, смартфонын балаға ұстата салады. Ертең сол бала телефоннан қандай да бір жаман тәрбие алып, дертке ұшыраса, өзі әлек болады. Кейбір ата-ана баласын ұстазына қарсы қойып, басынан сөз асырмауға үйретеді. Білім нәрімен сусындатып, әріп үйреткен аяулы адамға артық сөз айту былай тұрсын, қарыздар екенімізді ұмытпауға тиіспіз.

 

Бақтыгүл ӘБДІБАЙҚЫЗЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support