- Advertisement -

Өрт жағдайлары 35 пайызға көбейді

12

- Advertisement -

Облыста өрт оқиғалары өткен жылға қарағанда 35 пайызға артқан. Өрттің басым бөлігі Шу мен Жамбыл аудандарында орын алған.

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, өрт жағдайларының дені электр техникаларының күйіп кетуінен болған. Сондай-ақ, биыл шілде айына дейін 460 адам өрттен құтқарылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Ал 8 адам жарақат алып, 11 адам қаза тапқан.

Айта кетейік, аймақта жалпы саны 25 өрт сөндіру бекеті бар. Мұнда күн сайын 130 құтқарушы мен 30 автокөлік үздіксіз жұмыс істейді.

 

Дайындаған Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support