- Advertisement -

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХXVl сессиясы өтті

92

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жалпыұлттық азаматтық бірегейлік – қазақстандық қоғамның жаңа моделінің іргетасы» атты ХXVl сессиясы өтті. Оған облыстың ҚХА хатшылығы мен аймақтық құрылымдар, этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар өкілдері қатысты.

Сессия «Достық үйі» фоесінде әзірленген этномәдени бірлестік өкілдерінің қолөнер бұйымдары көрмесінен басталды.

Сондай-ақ, түрлі этнос өкілдерінен құрылған жастар театрының Халық Жазушысы Шерхан Мұртазаның «Интернат наны» шығармасы желісі бойынша сахналаған үзінді қойылымы көпшілік назарына ұсынылды.

Сессияны облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев жүргізіп отырды.

Алғашқы болып сөз алған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры, облыстық «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығының төрағасы, ҚХА мүшесі Мұхтар Байжұманов «Ұлттың мәдени кодын сақтаудағы қазақ мәдениетінің рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Ол университет пен өндіріс, ғылым мен экономика саласында атқарылып жатқан және Ассамблея іргесінен ашылып жұмысын жаңа бастаған жастар қоғамдық бірлестігінің жұмысына да тоқталып өтті.

Сондай-ақ, сессияда тіл жанашыры, «Центр Кредит Банк» менеджері Виктория Хан мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту арқылы бірлік пен өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыруға болатындығын айтты. Өзі қазақ тілін жетік меңгеріп алған ол жастарды мемлекеттік тілді үйренуге шақырды.

Ал «Ордабасы» командалық ойыны Қазақстандық федерациясының» президенті, ҚХА мүшесі Руслан Исмазов қазақ халқының спорт түрлері мен спорттағы жетістіктер туралы айтып, спорт халықтар достығын нығайта түсетін жеткізді.

Облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұржан Нұржігітов қоғамдық келісім мен бірліктің маңыздылығына тоқталды.

— Қазақстандағы этносаралық жағдай тұрақтылық пен бейбітшілікпен сипатталуы бұл әрине, бірінші кезекте, ынтымақтың, ауызбіршілік пен мемлекеттің жүзеге асырып отырған саясатының арқасы екендігі даусыз.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support