Жазғы Универсиада жеңімпаздары

Жазғы Универсиада жеңімпаздары
ашық дереккөз
Жазғы Универсиада жеңімпаздары
Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының ХІІ жазғы Универсиадасы өтті. Бұл жарыста жамбылдық спортшылар тамаша табыстарға қол жеткізді. Әулиеаталық палуандар грек-рим күресі бойынша үш алтын, бір күміс, екі қола медальмен командалық есепте бірінші орынға шықты. Екінші орыннан Ақтөбе облысы көрінсе, Алматының спорт Академиясы 3-орынды иеленді. Атап айтқанда, Махамбет Дүйсенбаев басқаратын Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының спортшылары намысты қолдан берген жоқ. Мәселен, 97 килограмм салмақта Ерзат Ерланов, 87 килограмм салмақта Әлен Бекназаров, 63 килограмм салмақта Асаухат Мұхамедиев чемпион атанды. 55 килограмм салмақта өнер көрсеткен Рысбек Ерғазы қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, 82 килограмда әулиеаталық Нұржан Асан күміс, 77 килограмда Талас Әшірханов қола жүлде олжалады. Палуандарды универсиадаға Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серік Әлшанов және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі, спорт шебері Жамбыл Бекназаров баптады. Жамбылдық құраманы аталған университеттің профессоры Жәнібек Құдіреев бастап барғанын да айта кеткен жөн.  

Әшірәлі КЕНЖЕҚАРАЕВ,

облыстық Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының қызметкері.

Ұқсас жаңалықтар