- Advertisement -

Жамбыл облысында кремний кластері құрылады

76

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Tas Market» ЖШС басшылығымен кездесті.

Тараптар «Тараз химиялық арнайы экономикалық паркі» аумағында қуаттылығы жылына 60 мыңнан 100 мың тоннаға дейін ферросилиций, ферросиликомарганец, техникалық кремний, түсті металдар өндіретін металлургиялық зауыт құрылысы жобасының жүзеге асу барысын талқылады.

2026 жылға дейін іске асуы көзделген жоба бойынша 1500 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

«Tas Market» ЖШС серіктесі – «Xinjiang Jingweike New Energy Development Co., Ltd.» компаниясымен «Тараз» химиялық паркі» АЭА аумағында тек металлургиялық зауыттың ғана емес, басқа да кәсіпорындардың қажеттіліктеріне сәйкес қуаттылығы 700 МВт/сағ электр станциясын салуды көздеп отыр. Жобаның құны 50,0 млрд. теңгені құрайды.

Осы және өзге жоспарларымен бөліскен «Tas Market» ЖШС директоры Алмасбек Омаров жобаның кремний кластерін дамытуға мүмкіндік беретінін баса айтты.

— Біз алдағы уақытта да тиімді ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайынбыз. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бағдарламалар аясында жан-жақты қолдау көрсететін болады. Біз үшін зауыттың тұрақты жұмыс істеп, дамуы маңызды, — деп түйіндеді сөзін Нұржан Нұржігітов.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support