Ұлт саулығы – мемлекет болашығының негізі

Ұлт саулығы – мемлекет болашығының негізі
ашық дереккөз
Ұлт саулығы – мемлекет болашығының негізі

Жуалы аудандық орталық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның мемлекеттік медициналық қызметтерді көрсетуге арналған лицензиясы  негізінде қызмет ететін заңды тұлға болып табылады және Жуалы ауданының аймағындағы тұрғындарға медициналық қызмет көрсететін монополист болып табылады. Жамбыл облыс орталығына дейінгі қашықтық-56 км.

Жуалы аудандық орталық ауруханасы 2014 жылы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып аталды.

Жуалы ауданының ауыл тұрғындарына медициналық қызметі: 111 төсек орны бар стационар, клиникалық-диагностикалық зертхана, 250 келішуге арналған емхана, 4-ші дәрежелі шұғыл көмек көрсету бөлімі, 8 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 34медициналық пункт көрсетеді.

Сонымен қатар, 1 жылжымалы медициналық кешен автобусы, 10 УАЗ маркалы санитарлық көлік, 2 ларгус көлігі, 1 реамобиль көліктері бар.

Жуалы аудандық орталық ауруханасында жалпы 678 адам қызмет атқарады, оның ішінде 78 дәрігер, 340 мейірбике, 124 тазалықшы және 115 басқа да қызметкерлер бар.

Орталық аурухана дәрі- дәрмекпен толықтай қамтамасыз етілген,  қоймада 2 айлық қоры бар.

Жуалы аудандық орталық ауруханасының клиника-диагностикалық зертханасына 2022 жылдың 1-ші тоқсанында замануи  5 анализатор алынды. Атап айтар болсақ:

- биохимиялық қан талдауын анықтайтын 18 параметрлі JS T240 анализаторы;

- жалпы қан анализін анықтайтын 21 параметрліBCC 6900 анализаторы;

- коагулограмма анализін анықтайтын С3100 анализаторы;

- жалпы зәр анализін анықтайтын Н-100 анализаторы,қан құрамындағы газдарменэлектролиттерді анықтайтын EPOC анализаторы.

-DIRUI FUS-2000 гибридті зәр анализаторы жалпызәр анализін жүргізуге, сондай-ақ оның біркелкіэлементтерін талдауға және бір үлгіні пайдаланыпдиагностикалауға мүмкіндік беретін толықавтоматтандырылған зәр анализінің жүйесі болыптабылады.

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 165 операция жасалды, оның 83,7%-ы міндетті медициналық сақтандыру аясында. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 1292 науқас емделді.

"Жуалы ауданының орталық аудандық ауруханасы жұмысының айқындаушы қағидаты әр пациентке кәсібилік пен жеке көзқарас болып табылады", - деп атап өтті бас дәрігер Усенбаев Батырбек.

Ұқсас жаңалықтар