- Advertisement -

Қуанса, бала қуансын

58

- Advertisement -

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай облыс әкімдігіне қарасты білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау» орталығының жазғы алаңында «Бар мейірім балаларға» атты мерекелік кеш өтті.

Мерекелік жиынға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, облыстық сот төрағасы Ербол Ахметжанов, облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек, облыстық экология департаментінің басшысы Арсен Латыпов және өзге де арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Кеш қонақтары алдымен балалардың қолөнер көрмесімен танысып, орталыұқтың «Үкілі домбыра» ансамблінің өнерін тамашалады.

Мерекелік кеште облыс басшысы құттықтау сөз сөйледі.

– Кез келген қоғамның қозғаушы күші – өсіп келе жатқан жас буын. Жастары белсенді, озық ойлы елдің келешегі де кемел болмақ. Себебі, талантты жастар – Жаңа Қазақстанның жарқын болашағының қалыптасуына өз үлестерін қоса біледі.

Бүгін республика көлемінде ерекше күн. 1 маусым – Балаларды қорғау күні болса, сонымен қатар әр мектепте Соңғы қоңырау мерекесі аталып өтілуде.

Облысымызда 248 мыңнан аса оқушы бар. Бүгінгі күні 12 мың мектеп түлектері алтын ұя мектептерімен қоштасып, үлкен өмірге қадам басуда.

Ал осы балаларды білім нәрімен сусындандырып, тәлім-тәрбие беріп, сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге баулу жолындағы ұстаздардың орны ерекше. Сондықтан да ұстаздар қауымына айтар алғысымыз шексіз.

Ең бастысы–балаларымыздың жүзінен күлкі кетпесін, жастардың болашақтары жарқын болсын, – деді Нұржан Молдиярұлы. Сонымен қатар, орталыққа арнап әкелген сыйлықтарын сыйлады.

Іс-шара барысында, сонымен қатар бірқатар басқарма басшылары балаларға жылы лебіздерін білдіріп, бағалы сый-сияпаттарын тарту етті.

Мерекелік кеште әндерден шашу шашылып, би биленді. Театрлық қойылым сахналанды.

Кеш соңында «Атамекен» әні хормен орындалып, орталық директоры Айжан Мейірханова іс-шараға қатысушыларға алғыс білдірді.

 

Мақпал СҮЙІНБАЙ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support