Бүлдіршіндерді бақытқа бөледі

Бүлдіршіндерді бақытқа бөледі
ашық дереккөз
Бүлдіршіндерді бақытқа бөледі
Балаларды қорғау күні мойынқұмдық бүлдіршіндер үшін үлкен мереке өтті. Аудандық мәслихаттың депутаттары, жеке кәсіпкерлер Қанат Көшербаев пен Бекболат Өткелбаев балаларға мереке ұйымдастырды. –Басты мақсатымыз – балаларды қуантып, Алланың ризалығына бөлену, халқыма қызмет етіп, елдің алғысын алу. Осыдан біраз жыл бұрын досым Бекболат Өткелбаев осы мерекеде ауданның балаларына 1000 балмұздақ таратуды бастаған болатын. Соны естіп, мен де игі іс жасағым келді. Кәсібімді бір жолға қойып алғаннан соң осыны мен де қолға алдым. Халықта «Қуантсаң баланы қуант, бала ғана шынайы қуанады» деген сөз бар ғой. Былтыр, яғни 2022 жылы 500 дана балмұздақ, шар таратқанмын. Биыл 1000 дана балмұздақ таратып, бүлдіршіндеріміздің көңілін табуға тырыстым. Досым Бекболат өзінің дүкенінің алдындағы батутта барлық баланы мерекеде тегін ойнатып, өз тарапынан 1000 балмұздақ үлестірді. Алдағы уақытта барлық кәсіпкерлер осы іс-шараны жалғастырса, періштедей пәк көңілді балаларды қуантсақ, Жаратқан да разы болар, – дейді Қанат Доғдырханұлы. Ағаларына алғысын жаудырған балалар да мәз-мейрам қалыптарымен мерекені қимай тарасты.  

Қамар РАХМЕТУЛЛИНА

Мойынқұм ауданы

 

Ұқсас жаңалықтар