- Advertisement -

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

71

- Advertisement -

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-R-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

D-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің бар болуы;

6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

D-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

 Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбекақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-R-1 354 069 406 714
D-R-3 263 131 302 255
D-R-4 226 837 260 564

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080012,

Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35 үй №406 бөлме,

анықтама үшін телефондар: 8(7262) 438881 e-mail: bilimgosusluga@yandex.kz (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады). Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т.б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысының 128-тармағына сәйкес).

бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің басшысы, санаты D-R-1, (№02-1), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А БЛОК. Бөлім жұмысын ұйымдастыру, болжау, жоспарлау. Білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүргізу. Білім беру бағдарламасын іске асыру, азаматтарға міндетті орта білім беруді қамтамасыз ету, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды міндетті орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру, міндетті жалпы орта білім беретін мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету. Қорғаншылық және қамқоршылық кеңестің жұмысын жүргізу. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру. Білім беру саласын жетілдірудің басқа да мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу, әкім және әкімдік актілерінің жобаларын әзірлеу.

Білім саласындағы қажеттіліктерді анықтау, әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын ескере отырып, білім саласын дамытуға бағытталған бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру. Мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің тәрбие жұмыстарын дамытудың стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Орта білім беру ісіне, мектепке дейінгі тәрбие мазмұны және жалпы білім беру стандарттары негізінде оқу бағдарламалары мен оқытудың жаңа технологиясы бойынша білім беру ісінің талапқа сай ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. Білім мекемелерінің қызметтерін талдау, олардың алдағы дамуын болжау. Білім беру мекемелеріндегі педагогикалық процестерді дамыту бағытындағы озық үлгілерді, іс-шараларды жетілдіру, іске асыру. Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен, тиісті округ әкімдерімен, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп іс-қимыл жасау. Меншік түріне қарамай білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкіметтің қаулыларын, нормативтік-құқықтық актілерін, әкімдік қаулыларын, облыс пен қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындауды ұйымдастыру және оның сақталуын қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Білім немесе құқық саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мамандығы: Білім саласындағы (жалпы) немесе құқықтану.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Еңбек кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің сектор меңгерушісі, санаты D-R-3, (№11-2), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А БЛОК. Өз құзыреті шегінде аудандағы білім жүйесін дамыту мәселесімен және оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырумен айналысады. Оқушылардың білім деңгейіне бақылау жүргізеді. Мектепішілік бақылау мен басшылықтың ұйымдастырылуына бақылау жасайды. Оқушылар арасындағы пәндік олимпиадалардың, түрлі байқаулардың және ҰБТ өткізілуін ұйымдастырады. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру», «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау», «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау», «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау», «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына сәйкес жұмыс жүргізеді. Кадр мәселесін, аудандағы білім мекемелеріндегі педагог қызметкерлердің

 

аттестациядан өтуін қадағалайды. Білім бөліміне қатысты басқа да ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Өз қызметінің аясында білім беру мекемелеріне, балабақшаларға тәжірибелік және теориялық көмек көрсетеді, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру мен бақылау жұмыстарын жүргізеді. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, жоғары мемлекеттік органдарының актілерінің, әкімдіктің қаулыларының, өкімдерінің, басқарма басшысының бұйрықтарының орындалуын қадағалайды. Білім беру мекемелерінің жұмыстарын үйлестіреді. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Білім саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары.

Мамандығы: Білім саласындағы (жалпы) немесе құқықтану немесе халықаралық құқық. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Еңбек кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің бас маманы, санаты D-R-4 (№ 09-08), 1 – бірлік.

Функционалдық міндеттері: В Блок. Бюджеттің орындалуына сай қаржылық істерді және мемлекет бюджетіне қарайтын мемлекеттік мекемелерге есеп формасын (мезгілді және жылдық) жүргізеді;

Орталықтандырылған бухгалтерия жұмысы туралы мәліметтер, деректер, құжаттар дайындайды;

Білім бөлімінің штат кестесін дайындайды;

Білім бөліміне қарасты мемлекеттік мекемелермен кәсіпорындардың тарификациясын, анықтамалық материалдарды дайындауды үйлестіреді;

Мемлекеттік тапсырыс бойынша және білім бөлімінің ведомстволық мекемелерін қаржыландыру мен бюджеттік қаражатын игерілуіне талдау жасайды;

Бюджет түсімін қадағалау және бюджеттің шығыс бөлігін талдау оны орындау барысында бюджетке толықтырулар және өзгерістер енгізу қызметтерін жүргізеді;

Бөлімге қарасты білім мекемелерінің штат кестесінің, тарификацияның дұрыс құрылуын бақылайды;

Нысаналы трансферттер бойынша ай сайын есеп береді, қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары.

Мамандығы: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, қаржы, бухгалтерлік есеп, салық және мемлекеттік басқару саласындағы қатынасты ретке келтірудегі Қазақстан Республикасындағы нормативтік-құқықтық актілерін білу, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік — құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің бас маманы, санаты D-R-4, (№09-09), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: В Блок. Тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы келісімшарттың жобасын дайындау. Техникалық жағдайлар жайлы мәліметтердің, есептіліктердің дұрыс және уақтылы рәсімделуін, жобалық-сметалық құжаттардың толықтай сәйкес болуын, құрылыс алаңындағы мердігердің техникалық қауіпсіздікті сақтауын, еңбек және қоршаған ортаны сақтауын қамтамасыз ету. Техникалық жинақпен есептерді бекіту және дайындау. Білім мекемелеріндегі және білім бөліміндегі техникалық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қабылдау комиссиясының пайдалануына берілген объектілердің құрылысы кезінде техникалық қадағалау жүргізу. Білім беру мекемелерін жаңа оқу жылына және қыстық мерзімдегі жағдайларға сәйкес дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары.

Мамандығы: құрылыс немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», Заңдарын, қаржы, бухгалтерлік есеп, салық және мемлекеттік басқару саласындағы қатынасты ретке келтірудегі Қазақстан Республикасындағы нормативтік-құқықтық актілерін білу, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің бас маманы, санаты D-R-4, (№03-3), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А Блок. Шағын жинақталған мектептердің жұмысын ұйымдастырады. Білім сапасы мазмұнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес келуін бақылайды. Мектеп жасындағы жасөспірімдерді жалпыға бірдей орта біліммен қамту, балаларды мектепке тарту жұмыстарын үйлестіру және қадағалайды. Білім мекемелеріне қарасты микроаудандарында тұратын 0-18 жас аралығындағы балалардың есебін алады. Білім мазмұнын жаңартуға басшылық жасайды, 12 жылдық білім беруге байланысты дайындық жұмыстарын жүргізеді. Мектеп жасындағы жасөспірімдерді ыстық тамақпен қамтамасыз ету және тасымалдау жұмыстарын ұйымдастырады. ҰБТ, сырттай бақылау және емтихандардың өткізілуін ұйымдастырады және бақылайды. «Алтын белгі», үздік аттестат және үздік куәлік алуға үміткер оқушылардың құжаттарын тексеріп, дұрыстығын қадағалайды. Білім мекемелерінен қозғалыс, тоқсандық есептер мен білім сапа қорытындыларын алып ұйымдастырады. Білім мекемелерінің аттестациялау қорытындылары негізінде қажетті жұмыстар жүргізеді. Педагог кадрлардың аттестациясын жүргізеді. Үйде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалармен жалпы жұмыс жасауда білім мекемелерін нормативтік құжаттармен қамтамасыз етеді және оқыту үрдісін қадағалайды. Республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына жіберілетін оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастырады. Мектепке дейінгі білім мекемелерінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсету қағида талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет бөлігінде, мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді. Жетекшілік ететін мәселелері мен сұрақтары бойынша статистикалық есептерді дайындауын ұйымдастырады және өткізеді. Бөлімнің Алқа мәжілісінің анықтамаларын, шешімдерін, бұйрықтарын дайындайды, олардың орындалуын қадағалайды. Анықтамалық құжаттарды, статистикалық есептерді, мәліметтерді әзірлейді. Аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімнің шешімдері мен өкімдерін өз құзырет шегінде дер кезінде және білікті түрде орындайды. Құзыретіне қарай Қазақстан Республикасының «Білім берудің дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: білім саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі.

Мамандығы: білім (жалпы).

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35 үй №405, 403 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262) 438881, e-mail: bilimgosusluga@yandex.kz

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35 мекенжайда орналасқан Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:

1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама).

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналастыруға келісім беремін ________________________________________________________________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

Мекенжайы: _______________________________________________________________________________________________________________________

Байланыс телефоны: _____________________________________________

e-maіl: __________________________________________________________

ЖСН: __________________________________________________________

_________ ______________________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«____»_______________ 20__ ж.

 «Б» корпусыныңмемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан

 «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

 ______________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО

(түрлітүсті/

цветное, 3х4)

________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория (болғанжағдайда/при наличии)

___________________________________

(жекесәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер)

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support