Белгіленбеген орындарға қоқыс тастағандар анықталды

Белгіленбеген орындарға қоқыс тастағандар анықталды
ашық дереккөз
Белгіленбеген орындарға қоқыс тастағандар анықталды
Шу ауданының полиция қызметкерлері аудандық әкімдікпен бірлесіп, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу, тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Тәртіп сақшылары қоқыстарды белгіленбеген орындарға қалдырған тұрғындарды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Полицейлер тәртіп бұзған азаматтарды қоқыс қапшықтарына салынған банк чектері, балаларына тиесілі дәптерлер мен басқа да сәйкестендіру құжаттары бойынша анықтаған. Іс-шара барысында 32 және 47 жастағы жергілікті үш тұрғынға осындай құқықбұзушылық жасағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 505-бабы бойынша (қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) әкімшілік хаттамалар толтырылды. Айта кетейік, бұл бапқа сәйкес ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға жиырма айлық, жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.  

Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ.

Ұқсас жаңалықтар