- Advertisement -

Таразда азық-түлік неге арзан емес?

164

- Advertisement -

Елімізде инфляция деңгейі шарықтап, 24 пайызды құрап отыр. Ол дегеніміз, азық-түлік, киім-кешек, жалпы тұтынатын заттардың бағасы едәуір қымбат деген сөз. Бұл қымбатшылыққа Ресей мен Украинаның да тікелей қатысы болып отыр. Себебі, Қазақстан осы уақытқа дейін 80 пайызға жуық заттарды Ресейден тасымалдайтын.

Бұл жағдай Тараз жұртшылығына да кері әсерін тигізгендей. Тараз базарлары мен дүкендеріндегі баға халықтың қалтасына ауыр соғуда. Зейнет жасындағы қарт кісілердің зейнетақысы не дәріге, не азық- түлікке жетпей тұр. Жергілікті билік қаланың шағын және орта сауда нүктелеріндегі бағалардың тұрақтылығын жіті қадағалап отырады.

Соңғы кезде Тараз қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек сауда бағасына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында құрылған жұмыс тобы 6 дүкенде болып, саралау жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде, «Юбилейный», «Әуес», «Халил», «Таңшолпан» және «Дәулет» сауда орталықтары бағаны заңсыз көтергені анықталып, шара қолданылды.

Әлеуметтік маңызы бар азық- түлік тауарларының бағасына мемлекеттік бақылау жүргізу барысында Тараздың 2 дүкенінде қарақұмық, күріш, жұмыртқа, тұз бағасы шекті бағадан асып түскені анықталды. Аталған дүкен басшылары әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 202-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 555 мың 600 теңгеге айыппұл салынды. «Қала әкімшілігі тарапынан алдағы уақытта да бақылау жұмыстары, рейдтер жүргізілетін болады. Барынша бағаның халыққа тиімді болуы жолында жұмыстар жүзеге асады», деді Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Дәулет Төленді.

Тараз қаласы әкімдігінің мәліметінше, аталған 6 дүкенде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бірлескен бұйрықпен белгіленген шекті бағамен келісілген. Ендігі тексеріс нәтижесінде, тауар бағаларын заңсыз көтеретін осындай сауда орындарына айыппұл салынатыны ескертілді.

 

Ариана АЙНАБЕКОВА,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support