- Advertisement -

№ 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА

276

- Advertisement -

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабы 4-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес №15 округтік сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктерден және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлайды:

  1. Абдраимов Дусенбек Исахметович, 1960 жылы туған, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің» МКҚК директоры, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  2. Абилкаиров Даулет Максутович, 1983 жылы туған, «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  3. Баймагамбетов Берик Абенович, 1975 жылы туған, «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ директорының орынбасары, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  4. Искандиров Мукаш Зулкарнаевич, 1960 жылы туған, жеке кәсіпкер, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, «AМАNАТ» партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.
  5. Қазақбай Жанат Түйтенұлы, 1958 жылы туған, зейнеткер, қазақ, Алматы қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  6. Нуракбаев Ринат Даниярович, 1973 жылы туған, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қызметі)» КММ директорының орынбасары, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  7. Нуралиев Айбек Хайратович, 1990 жылы туған, «Omega Management» ЖШС бас директоры, Астана қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  8. Салемов Серик Жаксылыкович, 1972 жылы туған, «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының проректоры, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Тараз қалалық сайлау комиссиясы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support