- Advertisement -

№ 16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА

121

- Advertisement -

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабы 4-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес №16 округтік сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктерден және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған №16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлайды:

  1. Султан Сабит, 1951 жылы туған, ұлты қазақ, «SSS» жеке кәсіпкерлігінің басшысы, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  2. Отарбаев Танат Абенович, 1959 жылы туған, ұлты қазақ, зейнеткер, І топтағы мүгедек, Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақтоған ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  3. Бекешев Алмаз Аскарович, 1986 жылы туған, ұлты қазақ, Жамбыл облыстық қорғаушылар алқасының мүшесі, қорғаушы (адвокат), Жамбыл облысы Қордай ауданы, Қордай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  4. Жатканбаева Мадина Оналбайкызы, 1978 жылы туған, ұлты қазақ, «Xaqmedia» журналистік зерттеу агенттігінің бас редакторы, Астана қаласының тұрғыны, «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы ұсынған.
  5. Медетбеков Данияр Тузелбекович, 1984 жылы туған, ұлты қазақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиал директорының орынбасары, Жамбыл облысы Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  6. Джолдасбеков Нуржан Крыкбаевич, 1975 жылы туған, ұлты қазақ, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бектөбе ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  7. Нурумова Гульдара Алданышевна, 1965 жылы туған, ұлты қазақ, уақытша жұмыссыз, Жамбыл облысы Тараз қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

 Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support