- Advertisement -

Кәсіби бағдар – құқықтық тәрбиеден бастау алады

124

- Advertisement -

Азаматтық іс жүргізу – бұл сот пен басқа субъектілер арасындағы азаматтық істі қарау мен шешу кезінде туындайтын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген, азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары мен процессуалдық әрекеттер жиынтығы.

Ал іс жүргізудің басты мақсаты – осыған дейін бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау. Жалпы алғанда, азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық істерді сотта қараудың және шешудің тәртібін, сондай-ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді және олардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін белгілейді.

Бүгінгі таңда университеттің «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы» кафедрасының оқытушы құрамы дәл осы салада студенттердің білімін жетілдіру мақсатында елеулі еңбек сіңіруде. Өз ісінің хас шебері Айнұр Урисбаеваның дәрістерінен білмегенімізді үйреніп, келешекке қажетті дүниелерді үйреніп жатырмыз.

Ұлағатты ұстаз әрбір студенттің жүрегіне жол тауып, олардың ілім-білімге деген зейінін ашуда бар күш-жігерін жұмсап жүр. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» екенін ескерсек, бүгінгі жастардың болашақта өз ісінің маманы болары анық.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз», – деп жалынды жастардың қабілетін шыңдауға айрықша көңіл бөліп отыр. Ендеше, мемлекеттің қамқорлығына бөленіп, ұстаздардың тәлім-тәрбиесін алған замандастарымның осал болуға хақысы жоқ.

 

 Дамир САЛАВАТҰЛЫ,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университетінің 3-курс студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support