- Advertisement -

51 тәулікте жылу тұрақты берілген

180

- Advertisement -

Құрылыс нормалары мен Ережелеріне сәйкес облыста жылыту маусымы 164 тәулікті құрайтын болса, бүгінгі күнге жылыту маусымының 51 тәулігі өтіпті. Яғни, бұл аралықта жылу энергетика кешендерімен жалпы 181 мың Гигакалорий жылу энергиясы өндірілген. Жылыту маусымының қалыпты жұмысын үйлестіру мақсатында облыстық штаб құрылып, жұмыс кестесіне сәйкес ай сайын штаб отырысы өтіп отырады екен. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Руслан Мұздыбеков баяндады.

Оның айтуынша, өңірде жылу көздерімен 1 650 көпқабатты тұрғын үй, 782 білім, 388 денсаулық сақтау, 467 мәдениет, 81 спорт нысандары қамтамасыз етіліп отыр. Жалпы, облыс бойынша жылыту маусымының өту барысы тұрақты бақылауға алынған. Барлық отын-энергетика кешендері штаттық режимде жұмыс істеуде.

Сондай-ақ «Сенім телефондары» арқылы және әлеуметтік желілерге келіп түскен тұрғындардың арыз-шағымдарына тұрақты мониторинг жүргізіліп, кері байланыс орнатылған. Өтінімдерге сәйкес уәкілетті органдармен құрылған жұмыс тобымен жергілікті орынға шығып, жылу жүйелеріне зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Шағымдардың басым көпшілігі тұрғындар тарапынан өз кезегінде үй ішіндегі тік құбырларды тазаламау, құбырлардан ауа шығармау себептерінен орын алуда. Дегенмен жылу беруші ұйымдардың тарапынан бұл ақауларды жоюға көмек көрсетіліп келеді.

Облысқа жылыту маусымына қажетті көмірдің жалпы көлемі 221,1 мың тоннаны құрайды. Бүгінге тұрғындар 145,5 мың тонна көмірмен қамтылған, яғни 91 пайыз. Облыс өңірлерінде көмір тапшылығы жоқ.

Сондай-ақ жиынға қатысқан «Таразэнергоорталық» АҚ вице-президенті Мамат Шәкіров 1 қаңтардан бастап тариф көтерілетіндігін жеткізді. Оның айтуынша, орта есеппен ол 17 пайызды құрайды. Яғни, бюджеттік мекемелер үшін 20, жеке тұрғындар үшін 15 пайыз болмақ.

 

Ерман ӘБДИЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support