- Advertisement -

Ауру жұқтырғандар азайып келеді

93

- Advertisement -

Жыл сайын 1 желтоқсанда дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету және ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болғандарды еске алу үшін жиналады.

Облыста халықты АИТВ-ға тексеру, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, диагностикасы, АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарды емдеу мәселелерімен өңірде облыстық ЖИТС орталығы айналысады.

Орталықтың бас дәрігері Айбек Исаев атап өткендей, емдеу бөлімі қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес АИТВ-инфекциясы бар науқастарға динамикалық бақылау жүргізеді.

Облыс бойынша 2022 жылдың 10 айында 100 мың тұрғынға шаққандағы анықтау көрсеткіші 7,8, балалар арасында – 0 пайызды құрады. Бүгінгі күні АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін 829 адам антиретровирустық терапияны (АРТ) алады. АИТВ жұқтырған адамдарды емдеу үшін терапия режимдерінде біріктірілген антиретровирустық препараттар қолданылады, бұл дәрілік жүктемені және препараттарды қабылдау жиілігін азайтады. АРТ барысында антиретровирустық емдеудің міндеттемесі мен тиімділігіне мониторинг, сондай-ақ алынған емнің жанама әсеріне зертханалық мониторинг жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 11 айында 22 жүктілік және 19 босану тіркелген. Барлық босанған әйелдер жүктілік кезінде АРТ алды және босану кезінде жүргізілген терапияның вирусологиялық тиімділігіне қол жеткізілді. АИТВ жұқтырған аналардан туған балалар АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу мақсатында антиретровирустық терапияны толығымен алуда.

Облыс бойынша соңғы уақытта АИТВ жұқтырған 42 адам қайтыс болды, оның 10-ы диспансерлік есепте жоқ. 15 пациенттегі өлімнің себебі – АИТВ-мен байланысты, өлімнің 27 себебінде АИТВ-мен байланысты емес жағдайлар мен аурулар болды.

Сарапшылар АИТВ-инфекциясын мүмкіндігінше ертерек жұқтырғанын және уақтылы басталған емдеу басқалардың жұқтыру қаупін азайтатынын еске салады. Инфекцияны зертханалық қан анализі және экспресс-тесттер арқылы анықтауға болады. Сондықтан тұрғындардың АИТВ-мәртебесін дер кезінде анықтау – өте маңызды.

 

 Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support