- Advertisement -

Белсенділер марапатталды

94

- Advertisement -

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Тараз қаласында заңнама талаптары мен Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес әзірленіп, өткізілді.

Облыс орталығында 125 сайлау учаскесі бойынша 255430 сайлаушы тіркелген болатын. Сайлау кезінде сайлау комиссияларының 1172 мүшесі қызмет атқарды. Олар жоспарға сәйкес «Республикалық сайлау: құқықтық негіздері мен сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша қашықтықтан тестілеуден өтті.

Кеше облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу мен даярлау барысында жоғары белсенділік танытқан азаматтарды марапаттады. Сайлауды ұйымдастыру және өткізу барысында жоғары белсенділік танытқан 10 азамат ҚР Орталық сайлау комиссиясының, 120 азамат облыстық сайлау комиссиясының, 20 азамат Тараз қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

5 комиссия мүшесіне шипажайларға жолдама берілді. Сонымен қатар 3 комиссия мүшесіне «Жамбыл-Тараз» газетіне бір жылдық жазылымның сертификаттары тапсырылды.

 

«Aq jol»-Aqparat».

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support