- Advertisement -

Салтанат Тұрсынбекова еліміздің шығыс өңірінде болды

22

- Advertisement -

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова еліміздің шығыс өңірінде болды. Ол Өскемен қаласында екі кездесу өткізді. Алғашқы кездесу жергілікті экологтар мен осы салада жүрген белсенділермен өтті.

С.Тұрсынбекованың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Өскемен, Риддер және Зырьян қалалары ауаның ластануы бойынша алдыңғы қатарда тұр. Атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көзі 370-тен астам кәсіпорыннан шығатын қалдықтар болып табылады. Ол сонымен қатар экологтар Шығыс Қазақстан облысының өзендерін жоғары және орташа ластану деңгейі бар су ағындары қатарына жатқызатынын атап өтті. Шенеуніктер мұндай проблемалардың бар екенін мойындайды, бірақ жағдайды жоюға қаражат жеткіліксіз екенін айтады.

Кандидат өңірдегі тағы бір маңызды мәселеге тоқталды. «Еліміздің шығысы – Семей ядролық сынақ полигоны трагедиясының мәңгілік мұрагері, оның зардаптары әлі күнге дейін халқымызды алаңдатып келеді. Әртүрлі мәліметтер бойынша, Қазақстанда 1,5 миллионнан астам адам сынақтардан зардап шеккен, 300 мың шаршы шақырым жер ластанған. Бұл – орасан зор көрсеткіш. Жергілікті тұрғындар мен туристер кейде осы аумақта орналасқан көлдерде шомылады, көлдің балығын тұтынады», – деп атап өтті кандидат.

Кейін Салтанат Тұрсынбекова құқық қорғаушылармен кездесіп, олармен мектептегі буллинг тақырыбын талқылады. «Біз балаларды төзімділік пен кез келген нәрсенің ақ-қарасын ажыратуға тәрбиелеуіміз керек. Егер бала өз құрдастарынан қандай да бір түрде ерекшеленсе, оны қолдау маңызды. Ал агрессияны балалар арасында да айыптайтын нәрсе ретінде қабылдау керек. Бірақ, ең алдымен мұнымен үлкендер жұмыс істеуі керек», – деді С.Тұрсынбекова.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support