- Advertisement -

Пошта жұмысы жанданса…

122

- Advertisement -

«Aq jol» газетінде журналист Сәндібек Піреновтің «Пошта қызметіне көңілі толмайтындар көп» атты мақаласын оқып, осыған орай өз ойымызды қоссақ деп едік.

Мақалада өте орынды мәселе көтерілген. Шыны керек, ауылдар мен елді мекендерде мерзімдік басылымдарға негізінен ауыл мұғалімдері ғана жазылады. Тұрғындардың басым бөлігі тіпті жазылмайды. Өйткені кейбірінің айлық табысы мүмкіндік бермесе, келесілерінің пошта қызметіне көңілі толмайды. Оқығысы келген басылымы толық келіп жатпаған соң да газеттерге жазылғылары келмейді.

Пошташылар да газет-журналдарды он күнде бір-ақ әкеліп таратады. Оларға да кінә арта алмайсың, себебі айлық жалақылары небәрі 20 мың теңге ғана. Ауылдықтар 20 газетке жазылса да, 100 газетке жазылса да төленетіні сол 20 мың теңге. Осы дұрыс па? Таратылатын басылым санына қарай жалақыларына да неге қоспасқа? Қазір осы ақшаға күн көру мүмкін бе? Осыдан кейін жазылған басылымдарымыз түгел қолымызға тимейді, себебін сұрасақ,бір-біріне сілтейді.

Сондықтан пошта жұмысын жандандырып, пошташылардың қызметі тиісті деңгейде бағаланса дейміз. Құзырлы орындар осы мәселені оңтайландырудың жолдарын қарастырса екен.

 

 Алмат АҚҚОШҚАРОВ,

Мақаш КАМАЛИДЕНОВ.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support