Бірлік туын желбіретейік

Бірлік туын желбіретейік
ашық дереккөз
Бірлік туын желбіретейік
Сайлау – еліміздің болашағы үшін маңызды шешім қабылданатын саяси науқан. Ал еліміздің Президентін кезектен тыс сайлаудың биыл өтуі – үлкен саяси мәні бар, саналы шешім. Өйткені қазір әлемдегі ахуал күрделенді. Көршілес мемлекеттердің қырғи-қабақ қақтығысы еліміздің дамуына да өз әсерін тигізеді. Қазақстан халықаралық ұйымдарға мүше мемлекет болғандықтан, ел тыныштығын қамтамасыз ету мақсатымен бейтарап болып, бітімгершілік саясатын ұстанары хақ. Сондықтан осындай алмағайып кезеңде мен барлық отандастарымды бірліктің туын желбіретіп, бірауыздан сайлау учаскесіне барып, өз таңдауымызды жасауға шақырамын. Еліміздің болашағына бейжай қарамай, өзіміз сенім артқан кандидатымызға дауыс беріп, жаңа Қазақстанның іргетасын бірге қалайық дегім келеді.  

Күлімхан АЙДАРЛИНА.

Мойынқұм ауданының тұрғыны.

Ұқсас жаңалықтар