- Advertisement -

Жиын-терін жемісті аяқталды

197

- Advertisement -

Елімізде отандық өнімге деген сұраныс жылдан-жылға артуда. Осы ретте мемлекеттің қолдауына ие болған өңір шаруаларының ісі биыл берекелі. Қоймаларды артығымен толтырған олар азық-түлік үшін алдағы қысқа алаңдаушылықтың жоқтығын алға тартуда. Күні кеше ғана миллион тоннадан астам пияз жинаған шаруалар картоптан да жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр.

Жасыратыны жоқ, өңір шаруалары үшін биылғы жиын-терін өнімді болды. Айталық, аграрлық аймақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің басым көпшілігімен өзіміздің облысты ғана емес, басқа өңірлерді де қамтамасыз етіп отыр. Яғни күріш пен қарақұмықтан басқасының барлығы өзімізде өндірілуде. Тамшылатып суару технологиясы арқылы сала мамандары су тапшылығы мәселесінің де оң шешімін тапты. Осылайша асыраушы салаға айрықша басымдық берілген өңірімізде қазірдің өзінде жиналған картоптың 160 мың тоннасы ішкі нарыққа сатылымға шығарылған. Облыста картоп дақылын жинауда алты аудан, атап айтқанда, Меркі, Қордай, Жамбыл, Жуалы, Байзақ және Сарысу аудандары көш бастап тұр.

– Өткен жылмен салыстырғанда 200 гектарға артты. Бүгінгі күнге алқаптан 290 мың тоннаға жуық картоп жиналып, былтырғы жылмен салыстырғанда 22 мың тонна артығымен өнім алынды. Облыс бойынша әр гектардан алынған орташа өнім 250 центнерді құрап отыр. Жергілікті жердегі өткен жәрмеңкеге де нарық бағасы 130- 140 теңге болып тұрған кезде шаруалар Тараз қаласының тұрғындарына картопты 100 теңгеден сатты. Қажеттілікке қарай қорымыз жеткілікті. Яғни ішкі нарықтық тұтынуға өзіміздің өнім толығымен жетеді. Картоптарымыз жалғыз Жамбыл облысына ғана емес, еліміздің әр өңіріне сатылып жатыр, – дейді облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Мұқашев.

11 мың 600 гектардан артығымен жиналған өнім жергілікті қоймалардан 90 теңгеден де сатылуда. Сол секілді облыс орталығында апта сайын қолжетімді бағадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде де сұранысты қанағаттандыруда. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Сәбит Нұрлыбаевтың айтуынша, Жуалыда биыл 2708 гектарға картоп егілген. Қазір аудандағы жалпы сыйымдылығы 9 мың тонналық 10 қоймада өнім толығымен сақталуда. Әр сенбі сайын Тараздағы базар бағасынан 20 пайызға арзандатылған жәрмеңкеге де 12 тоннадан картоп жеткізілуде. Шаруалар алдағы жылы тұқым алуға мемлекет тарапынан биылғыдай қолдау болса, келешекте картоптан еш таршылық көрмейміз деп отыр.

 

 Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Жуалы ауданы.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support