- Advertisement -

Салтанат Тұрсынбекова 30 пайыздық квотаны сынады

73

- Advertisement -

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қостанайда құқық қорғаушылармен және заңгерлермен кездесу өткізді. Басқосу барысында ол елдегі басшылық қызметтегі әйелдердің құзыреттілігі төмен екенін айтты.

– Елімізде басшылық лауазымдардағы гендерлік өкілдіктің жағдайы аса мәз емес. Әйелдер ел халқының басым бөлігін құраса да, басшылық қызметтегі олардың саны өте аз. Құзыреттілік жоқтығынан әйелдердің пікірі ескерілмейді, – деді үміткер.

Сондай-ақ спикер партиялық тізімдерге әйелдер мен жастардың кем дегенде 30 пайызы кіруі керек деген квота туралы да айтты.

– Бүгінде заңнамада әйелдер құқығын шектейтін белгілі бір 30 пайыздық квоталар қарастырылған. Мен бұл квоталармен мүлде келіспеймін. Басқа ешбір елде мұндай нәрсе іс жүзінде жасалып жатқан жоқ. Бұл 30 пайыздық норма болатындай қандай да бір өнім емес қой. Мен әйел де ер азаматтар істейтін барлық лауазымдарда қызмет етуі керек деп есептеймін. Құзыреттілік тең болуы керек! – деді Салтанат Тұрсынбекова.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support