- Advertisement -

Тараздықтардың мерейі тасыған күн

83

- Advertisement -

Республика күні мерекесін жамбылдықтар жоғары деңгейде атап өтті. Таңсәріден басталған салтанатты шараларға жиналған көпшіліктің қарасы қалың болды. «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі ашық аспан астында К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік концерттік бағдарламасы көпшіліктің көңілінен шықты.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ағымдағы жылдан бастап Республика күні Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің басты мерекелерінің бірі болып қайта оралды. Бұл бастама қоғамдық қолдауға ие болып, Республика күні – бүкіл халықпен аталып өтетін ұлттық мейрамға айналды.

Осылайша, Республика күнін мерекелік күнтізбеде қайта жаңғырту – бұл Жаңа Қазақстан өкілдерінің өз тарихи бастауын мойындауы мен ұрпақтар сабақтастығының, мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы халқымыздың тарихи еңбегі мен еркіндігін құрметтеудің символы болды. Облыстық филармонияның күміс көмей, жезтаңдай өнерпаздары ән мен биден шашу шашты. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, қала әкімі Бақытжан Орынбеков бастаған әулиеаталықтар белсене қатысты. Сән салтанаты жарасқан мерекеде мәдени-көпшілік шаралардан бөлек спорттық сайыстар да ұйымдастырылды.

 

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support