- Advertisement -

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясында «Әділ сайлау үшін» заңгерлер штабының мүшелерімен кездесу өтті

83

- Advertisement -

Қазақстанда 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы қарсаңында Заң консультанттар Палатасы Республикалық алқасының тапсырмасына сәйкес, Палата мүшелерінен «Әділ сайлау үшін» заңгерлер штабы құрылған. Штабтың басты мақсаттарының бірі «ҚР сайлау туралы» Конституциялық Заңын түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, консультативтік көмек көрсетуге, сайлау процесін сүйемелдеуге және ақпараттық-құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған.

Сондай-ақ аталған штабтың филиалдары еліміздің барлық облыс орталықтарында құрылып, өз жұмыстарын бастап кеткен.

Осыған байланысты, а.ж. 20 қазан күні Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері Жамбыл облысы заң консультанттары Палатасының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында Палата төрағасы Исабеков Шамсат Жақсылықұлы Жамбыл облысы заң консультанттары Палатасында 200-ден аса заң консультанттары тіркелгендігін, заңгерлері тек Тараз қаласы бойынша ғана емес, Жамбыл облысының 10 ауданында 50-ге жуық заң консультанттары қызмет ететіндігін атап өтті. Сонымен қатар Жамбыл облысы заң консультанттары Палатасының мүшелері сайлау науқаны кезінде өңірдегі сайлау процесіне қатысушыларға құқықтық көмек көрсетуге, сондай-ақ сайлаушыларға ҚР заң талаптарын түсіндірумен қатар, оларды толғандыратын сұрақтарына жауап алуларына зор мүмкіндік беріліп отырғанын айтып өтті.

Кездесу соңында сайлау процесі кезінде туындауы мүмкін мәселелер талқыланып, алдағы уақытқа екі жақты бірлескен жұмыс жоспары белгіленді.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support