- Advertisement -

Цифрлық жобалар таныстырылды

155

- Advertisement -

Облыс әкімдігінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті іске асырып жатқан жобалары таныстырылды. Басты мақсат – құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ұсынған ақпараттық мүмкіндіктерді мемлекеттік органдардың кеңінен пайдалануға жағдай туғызу. Осы мақсатта алқалы жиынға облыстық басқарма, департамент басшылары қатысып, маңызды мәліметтерге қанықты.

Көрсетілген жобалардың бірі апаттылық картасы және қылмыстық құқықбұзушылық картасы. Комитеттің облыс бойынша басқармасы өкілдерінің айтуынша, апаттылық картада адамдардың қаза болуына немесе жаралануына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары бойынша статистика көрсетіледі.

Карта жергілікті атқарушы органдар, жол полициясы қызметтері, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ үшін апаттылықтың алдын алу және азайту, қажетті жол белгілері мен таңбаларды орналастыру мақсатында уақтылы шаралар қабылдау, апатты учаскелерді дер кезінде жөндеу, сондай-ақ тиісті басқарушылық шешімдерді қабылдауды талдау үшін пайдалы.

Еліміздің жолдары мен көшелеріндегі апаттар туралы толық ақпаратты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеттің «qamqor.gov.kz» сайтынан, «Ақпараттық сервис» бөлімінде көруге болады. Ол үшін «геоақпараттық жүйелер» терезесіне өту, «ЖКО» қосымша бетін таңдау, сондай-ақ уақыт пен өңірдің қызықтыратын параметрлерін орнату қажет.

Сонымен қатар қылмыстық құқықбұзушылық картасында елде жасалған барлық қылмыстық құқықбұзушылықтар белгіленеді. Бұл жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылыққа ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

Жасалған қылмыстар туралы деректер тәулік уақыты мен маусымдылығы бойынша көшелер мен үйлерге дейін онлайн режимінде қолжетімді. Мұндай ақпараттың өзектілігі аймақтың немесе нақты үйдің қаншалықты қылмыстылық деңгейін білуге мүмкіндік береді. Карта интернеті бар кез келген адамға қолжетімді. Егер интернет болмаса, онда карта мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арқылы жұмыс істей алады.

 

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support