- Advertisement -

ОСК-ның бірнеше кандидатты тіркеуден бас тартуы заңды ма – Заңгерлер одағы пікір білдірді

78

- Advertisement -

«Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық бірлестігі Орталық сайлау комиссиясы таратқан ашық ақпаратқа сүйене отырып, ҚР Президенттігіне үміткерлердің талапқа сәйкестігін бағалау процесіне түсініктеме берді.

20 қарашаға жоспарланған кезектен тыс президент сайлауына 12 үміткер ұсынылғанын бұған дейін де жазған едік. Орталық сайлау комиссиясы солардың сегізін ғана келесі кезеңге өткізгені де баршаға мәлім.

Олардың тізімін тағы бір еске салып кетейік.

1. Жигули Дайрабаев — «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;

2. Қасым-Жомарт Тоқаев – саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің халықтық коалициясы;

3. Нұрлан Әуесбаев – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;

4. Мейрам Қажыкен – «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі;

5. Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі;

6. Талғат Ерғалиев — «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі;

7. Салтанат Тұрсынбекова – «Қазақ аналары — дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі;

8. Нұржан Әлтаев – «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі;

9. Жұматай Әлиев – «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі;

10. Хайрулла Ғабжалилов — «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі;

11. Бақыт Жаңабаев – «Қазақстандық Футбол Әуескерлері Лигасы» қоғамдық бірлестігі;

12. Фатима Бизақова — «Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігі.

Бұлардың 8-і Орталық сайлау комиссиясының ұйғарымы бойынша сайлау туралы заңнама талаптарына сай деп танылған болатын.

https://www.inform.kz/kz/saylauga-tuskisi-kelgenderdin-ishinde-8-kandidat-kana-talapka-say-bolyp-shykty_a3990306

Атап айтсақ, Жигули Дайрабаев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрлан Әуесбаев, Қарақат Әбден, Мейрам Қажыкен, Салтанат Тұрсынбекова, Жұматай Әлиев пен Бақыт Жаңабаев Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкес екендігі туралы қаулылар қабылданды.

Ал Хайрулла Ғабжалилов пен Талғат Ерғалиевтің, Фатима Бизақованың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкес еместігі ресми мәлім етілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support