Сайлау-2022: қазақстандықтар барлығына қарсы дауыс бере алады

Сайлау-2022: қазақстандықтар барлығына қарсы дауыс бере алады
ашық дереккөз
Сайлау-2022: қазақстандықтар барлығына қарсы дауыс бере алады
20 қарашада өтетін Қазақстан Президентінің сайлау бюллетеньдерінде «барлығына қарсы» деген баған пайда болады, — деп хабарлайды Жамбылинфо тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. «Барлығына қарсы» бағаны заң бойынша қарастырылған. Әрине, ол болады. Азамат бірде-бір кандидатты таңдамаса, барлығына қарсы дауыс беруге құқылы», — деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бағанды енгізу туралы 21 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын. «Сайлау бюллетеньдерінде «барлығына қарсы» деген баған пайда болды», — деп мәлімдеген еді Тоқаев. Еске салайық, бұған дейін кезектен тыс президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болғаны хабарланған еді.

Ұқсас жаңалықтар