- Advertisement -

Қару-жарақ толы қап табылды

76

- Advertisement -

Облыстық полиция департаментіне бағынысты ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған қапты тапты. Онда екі «Калашников» автоматы, «FBI8000» маркалы газ тапаншасы, жарық-шуылды граната, автоматтың оқжатарлары, пышақты мылтық, полиция каскасы, резеңке таяқ және әртүрлі калибрлі 200-ге жуық патрон табылып, тәркіленді.

Бүгінде бұл дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support