- Advertisement -

Ауыр жүк көліктері — жолдың жауы

33

- Advertisement -

Биыл өңірде жол саласына бас-аяғы 16,2 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде 8,3 миллиард теңге республикалық, 4,4 миллиард теңге облыстық және 3,5 миллиард теңге аудандық, қалалық бюджеттен қаралған. Соның есебінен 9,4 шақырым жолды қайта жаңғыртып, 605,2 шақырым жолды орта жөндеуден өткізу мәселесі жыл басында нақтыланған.

Облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков баспасөз мәслихатында өңірдегі автомобиль жолдары мен көлік саласы бойынша атқарылатын жұмыстар туралы сондай-ақ алдағы ауқымды жоспарлар жайында кеңінен баяндады.

Басқарма басшысы Бақытжан Жәнібековтің мәліметіне сүйенсек, өңірде жол жөндеу жұмыстары шеңберінде 252 жоба үйлесімді іске асып жатыр. Мысалы, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасы аясында 31 жоба, нақтырақ айтсақ 194,1 шақырым жол жөнделуде. Ал «Ауыл – ел бесігі» жобасы негізінде іске асып жатқан 74 жобада өңірдегі барлық аудан қамтылған. Бұдан бөлек «Өңірлерді дамыту – 2025» бағдарламасы бойынша 2 жоба қолға алынса, жергілікті бюджеттен қаралған қаржыға 145 жоба жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

– Ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысымен жоспардағы 605,2 шақырым жолдың 338 шақырымында, яғни 55 пайызында асфальт төсеу жұмыстары аяқталып отыр. Жалпы биыл «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі» индикаторлық көрсеткішінің межесі 97 пайызды құраса, елді мекен көшелері бойынша бұл межені 82 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Жол жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында «Жол активтерінің Сапа орталығымен» келісімшарт жасауға жергілікті бюджеттен 119 миллион теңге бөлінді. Автожолдардың сапасын қамтамасыз ету бағытында Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясымен бірлескен іс-шараларға сәйкес, облыс жолдарында кезекшілік ұйымдастырылуда. Дегенмен ауыр жүк көліктері әлі күнге дейін автожолдардың сапасына нұқсан келтіруде. Инспекцияда жылжымалы бекеттердің жетіспеуінен жүк көліктерін бақылау мүмкін болмай тұр. Әзірге бұл бағытта жағдай түзелген жоқ, – дейді Бақытжан Жәнібеков.

Сонымен қатар «Тараз қаласындағы зияткерлік қауіпсіздік жүйесі және жол трафигін талдау» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын іске асыру аясында бекітілген адрестік бағдарламаға сәйкес, жеке әріптес тарапынан 130 нысанда 413 дана бейнебақылау камерасы орнатылып, 165 камера іске қосылған. Енді қалған камералар қыркүйек айында орнатып, толық іске қосылмақ. Бұдан соң ҚР ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметінің ақпараттық қауіпсіздік жүйесіне сәйкестендіріліп, желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған.

 

Сәндібек ПІРЕНОВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support