- Advertisement -

Шерхан Мұртаза рухына құран бағыштады

60

- Advertisement -

Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының ұжымы қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай белгілі режиссер Қуандық Қасымовтың «Шер-Хан» атты элегия-драмасын сахнаға дайындау үстінде.

Аталған элегия-драманы туындының авторы Қуандық Қасымовтың өзі сахналауда. Осыған орай Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрында режиссер Қуандық Қасымовтың бастамасымен Шерхан ағамыздың 90 жылдық мерейтойы мен сахнаға дайындалып жатқан жаңа қойылымның премьерасы алдында арнайы құрбан шалынып, мал сойылды. Ас-дастарқанын театр директоры Мәлік Ақүрпеков қысқаша кіріспе сөзімен ашып берген соң, алғашқы сөз кезегін алған Шерағаның рухани шәкірті, Бауыржан Момышұлының немере інісі, белгілі қаламгер-журналист Бекет Момынқұл қаламгерлік, жазушылық қуаты қандай терең болса, өмірдегі азаматтық, ұлтжандылық, елжандылық, ақиқатшылдық мұраты да сондай биік болған Шерағаның бүтін болмысынан бірқатар мысалдар келтіре отырып, әсерлі сыр шертті.

Шерағаң шығармалары әлем тілдеріне аударылып, дүниежүзі халықтарына танытуға, желілері бойынша көркем фильмдер, сериалдар түсіруге тұратын ірі туындылар екендігін, Шерағаң тұлғасын да лайықты биікке көтеріп, ұлықтауды да е скеретін мезгіл жеткендігін жүрек түкпірінен ақтара жеткізді. Одан соң, сөз сөйлеген Шерағаның інісі Әлижан Мұртаза Шерхан ағасының дүбірлі тойына орай жаңа қойылым дайындап, ас беріп, Құран бағыштап жатқан театр ұжымына рақметін айтып, алғысын жеткізді.

Облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Лесбек Амалов, облыстық орыс драма театрының директоры Ақылдос Тажиев, театр актерлері: Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Асқарбек Сейілхан, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жоғарыда айтылған жаңа қойылымда Шерхан образын сомдаушы Жүніс Әлімбековтер қайда жүрсе де, қандай қызметте болса да туған халқы – қазағының жоғын жоқтап, барын түгендеп, игілік пен ізгіліктің, ақиқат пен шындықтың ізденімпазы, сұраушысы болған Шерағаң туралы әлі талай дүниелер жазылып, кинолар түсірілетініне сенімді екендіктерін жеткізді.

 

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support