- Advertisement -

«Jas LeaderAkademiiasy» бағдарламасы бастау алды

43

- Advertisement -

Өткен жылы Болат Өтемұратов қоры елімізде «Jas Leader Akademiiasy» бағдарламасын іске асыра бастады. Бұл бағдарлама мұғалімдерді мектеп бағдарламасында жоқ яғни, қарым-қатынас, аудитория алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқару, өзін-өзі таныстыру, сондай-ақ өзіне деген сенімділікті дамыту дағдыларын дамытуға үйретуде. Осылайша, жамбылдық оқушылар жаңа оқу жылынан бастап икемділікті дамыту бойынша жаңа факультативтерге қатысуға мүмкіндік алып отыр.

Бағдарлама барысында алдымен Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 50 пилоттық мектебінен 100 педагог оқудан өтсе, кейін бұл қатарға Тараз бен Жамбыл облысының 25 мектебінен 75 мұғалімі қосылған. Қор басшысы Марат Айтмағамбетовтың айтуынша, қазіргі заманғы жұмыс берушілер тек кәсіби құзыреттерге ғана емес, сонымен қатар басқа адамдармен командада өмірлік міндеттерді тиімді шешуге көмектесуші «soft skills» деп аталатын кәсіби дағдыларға да назар аударады.

– Бүгінде оқушылардың мектеп қабырғасында алатын теориялық білімі жеткіліксіз екені байқалуда. Осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін біз «Jas Leader Akademiiasy» бағдарламасын іске қостық. Өткен жылы Түркістан облысы мен Шымкенттен мұғалімдерді оқытқаннан кейін, біздің бағдарламаға 12 мыңнан астам оқушы қатысты. Олардың көпшілігі қоршаған ортаны қорғау, туризмді дамыту бойынша өз жобаларын сәтті жазды. Тіпті, олардың кейбірін біз қаржыландырдық, — дейді Марат Айтмағамбетов.

Жалпы, бағдарлама аясында педагогтер апталық оқудан өткеннен кейін мектептерде факультативтер ұйымдастырып, сабақ барысында 5-11 сынып оқушыларымен ашық пікір алмасады. Бұл өз кезегінде оқушылардың өз ойларын еркін айтуына, әрі кез келген ортада өздерін тең дәрежеде ұстауына септігін тигізбек.

Бағдарлама бойынша білім алып жатқан дарынды балаларға арналған «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының биология пәні мұғалімі Әсел Мұсабайдың сөзінше, мұнда алған білім практикалық құндылыққа ие әрі жаттықтырушылардың ерекше тәсілде түсіндіруі қатысушылардың пайдалы ақпаратты оңай игеруіне жол ашқан.

Айта кетейік, «Jas Leader Akademiiasy» бағдарламасы бес жылға есептелген. Биыл Жамбыл және Қызылорда облыстарынан он мыңға жуық оқушы көшбасшылық сабақтарына қатысады деп жоспарлануда. Ал келесі жылы қор қызметкерлері Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстарының педагогтерін оқытпақ ниетте.

«Aq jol»-«Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support