- Advertisement -

Мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті

56

- Advertisement -

Жамбыл облыстық ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаевтың бастамасымен құқық қорғау қызметкерлері «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясына белсене атсалысуда.

Бұл жолы «Мектепке жол — шекарасыз жақсылық!» ұранымен өткен игі іс барысында ЖД-158/5 мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған көмекке мұқтаж жанұяның перзентінің бірі Жанкелді есімді жеткіншекті мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Бұдан бөлек, жас ұланға киім кешек түрінде де көмек берілді.

Айта кетейік, аталған акция оқу жылы қарсаңында тек екі ай ғана емес, жыл бойы іске асады. Жамбылдық жомарт һәм мәрт жандар осынау игі істен қалыс қалмайды деп сенеміз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support