- Advertisement -

Жеңіс тұғырында — байзақтықтар

58

- Advertisement -

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында «Спорт күні» мерекесіне орай өңірдегі спорт мекемелері қызметкерлері арасында ұйымдастырылған шағын футболдан облыстық турнир өз мәресіне жетті.

Бұл жарыстың өтуіне облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы мұрындық болды. Жалпы бұл турнирде 35 команда бақ сынады. Мұндай жауапты жарысқа әр мекеме жақсы дайындық жасап, белсенді қатысатыны белгілі. Сондықтан турнир қызық та қарбалас сәттерге толы болды. Аса тартысты өткен ақтық сайыс нәтижесі бойынша Байзақ ауданында орналасқан №8 ОМБЖСМ жарыс жеңімпаздары атанса, екінші орын финалда есе жіберген сарысулық №26 БЖСМ құрамасында. Үздік үштікті №5 ОМБЖСМ түйіндеді. Өзге де командалар жеңіске деген құштарлығымен ерекшеленді. Жеңімпаз және жүлдегер командалар диплом, медаль, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support