- Advertisement -

Мадияр қарсылас шақ келтірмеді

151

- Advertisement -

Сербияның Врбас қаласында кадеттер арасында «6th JUNUOR NATIONS CUP» халықаралық турнирі өткен болатын. Жалпы чемпиондық атаққа 18 мемлекеттің жасөспірім былғары қолғап шеберлері таласқан-ды.

Қазақстан Республикасының құрама командасы сапында аталған турнирде Шу ауданы №37 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Мадияр Бексұлтанов өнер көрсетіп, 80 килограмм салмақта чемпион атанды. Бұл жетістік жерлесімізге оңайлықпен келген жоқ. Жақсы дайындық және маңдай термен келді. Жаттықтырушысы Бағдат Толыбаевтың еңбегі ерекше бағалауға лайық. Осылайша, Мадияр Бексұлтанов болашағынан үміт күттіріп отыр.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support