- Advertisement -

«Мектепке жол» акциясы аясында

40

- Advertisement -

ҚОРДАЙ АУДАНЫ

Өткен сенбіде аудан орталығында мектеп тауарларының жәрмеңкесі өтті. Аталған шара «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды.

Жәрмеңкенің басты мақсаты – ата-аналардың алысқа бармай-ақ балаға қажетті мектеп құралдарын бір жерден алуын ұйымдастыру, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларын, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау, сондай-ақ халыққа қажетті заттарды төмен бағамен ұсыну. Бұл күні Қордай ауылының 10-нан аса кәсіпкері құрған шатырларда оқушыға қажетті заттардың барлығы қойылып, отандық және жергілікті жерде өндірілген түрлі тауарлар тиімді бағада ұсынылды. Тамыздың басында бастау алған «Мектепке жол» акциясында аудан кәсіпкерлері мен еріктілер 465 баланы мектеп формасымен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Жаңа оқу жылына дейін тағы да 335 бала қажетті керек- жарақтармен қамтамасыз етілмек.

 

 Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support