- Advertisement -

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мейірім керек

207

- Advertisement -

Мүгедектікті ешкім сатып та, сұрап та алмайды. Өмір болған соң, біреу оттан, енді біреу судан, жол-көлік оқиғаларынан, басқа да түрлі жағдайларда мертігіп, он екі мүшесінің бірі кем болып жатады. Туабітті жарымжан болып өмірге келетіндер де бар. Мемлекет тарапынан жасалып жататын қамқорлық бар, көмек бар, кейбір жаны жайсаң, ізгі жүректі адамдардың мейірімі бар, мүмкіндігі шектеулі жандар өздерін ешқашан кем санамайды. Жарымжан адамдардың өмірге құштарлығына қайран қаласың кейде. Арбаға таңылса да, протезбен жүрсе де, екі қолы жоқ болса да, қолымен, аяғымен жұмыс істейтін жандарды көргенде еріксіз таңданасың. Еңбекке, өмірге деген құштарлыққа бас иесің. Паралимпиадаларда қанжығаларына жүлде байлап, сахнада би билеп, ән шырқап жүрген спортшы және өнерлі мүмкіндігі шектеулі жандар да аз емес.

 – Бүгінде облыста 46058 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның ішінде бірінші топтағылар 4237, екінші топтағылар 17408, үшінші топтағылар 17630 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны 6783. Мүгедектігі бар адамдарды қажетті арнайы оңа лту құралдармен қамтамасыз ету мақсатында биыл республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге және облыстық бюджеттен 297, 3 миллион теңге бөлініп, әлеуметтік оңалту құралдарына мұқтаж 11215 мүгедектігі бар адам тиісті құрылғылармен қамтамасыз етілуде. Қажеттіліктер қатарында сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар, протез-ортопедиялық, компенсаторлық құралдар, кресло-арбалар және саниторлық-курорттық емделу бар.

«Сонымен қатар Тараз қаласы мен аудан бюджеттерінен бөлінген 1,5 миллиард теңгег е 9300 мүгедектігі бар адам гигиеналық құралдармен, ымдау тілінің маманының, жеке көмекшінің және үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған. 6891 мүгедектігі бар адам 14376 техникалық оңалту құралдарымен және 6514 мүгедектігі бар оңалту қызметтерімен қамтылып, оған республикалық және жергілікті бюджеттерден 586,4 миллион теңге қаржы жұмсалып отыр. Биылғы 1 тамызға мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының әлеуметтік қызметтер ұсыну порт алында орындалуы 76,2 пайызды құраса, жылдық жоспар 85 пайыз. Порт алда 18875 өтініш тіркеліп, 14376 өтініш қанағаттандырылды», – дейді облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов.

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша жыл соңында стандарттарға сәйкес келетін бейімделген нысан үлесі шамамен 40 пайызды құрауға тиіс. Осыған байланысты облыс бойынша 2021-2025 жылдары 1294 нысанды, ал биыл Тараз қаласы мен аудандарда 259 нысанды бейімдеу жоспарланған. Облыс орталығы мен аудандарда бүгінгі күнге 116 нысан бейімделуден өтіп, жұмыс толығымен аяқталған. 175 нысанға 165,1 миллион теңге қаржы бөлініп, 104,7 миллион теңге қаржы толығымен игеріліпті. Мұнымен қоса, 59 нысанға 60,4 миллион теңге қаржы бөлініп, бейімдеу жұмыстары жыл соңына дейін толығымен аяқталатын көрінеді. Облыс көлемінде 18 медициналық-әлеуметтік мекемеде 1504 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда. Атап айтсақ, 7 стационар жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында 1083 қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, 9 жартылай стационар жағдайындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және бейімдеу орталықтарында жыл басынан 277 мүгедектігі бар адамға және көргендерге тұрмыстық зорлық-зомбылық жыл басынан 144 адамға қызметтер ұсынылыпты.

Соңғы жылдары арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі мен сапасын жақсарту мақсатында бұл қызметтерді ұсынатын мекемелердің желісін дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, облысымыздың жеті ауданында жалпы сыйымдылығы 186 орындық мүгедектігі бар балаларды оңалту және бейімдеу орталықтары, Талас ауданының Ақкөл ауылында 200 орындық жүйке ауруына шалдыққан мүгедектерге арналған стационар орталығы ашылған. Ағымдағы жылы Байзақ, Жуалы, Сарысу және Т.Рысқұлов ауданында мүгедектігі бар балаларға арналған 126 орындық оңалту және бейімдеу орталықтарын ашу жоспарланса, Т.Рысқұлов ауданында 51 орындық және Сарысу ауданында 25 орындық орталық ашылған. Тараз қаласында 150 орындық мүгедектігі бар адамдарға оңалту және бейімдеу көпсалалы орталығының құрылысы жүргізілуде. Нысанның сметалық құны 5,5 миллиард теңгені құрайды. Құрылысы 2021 жылы қыркүйекте басталыпты. Бүгінгі күнге құрылыстың 40 пайызы аяқталған. Сонымен қатар мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар тарапынан ашылған 5 күндіз болу жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту және бейімдеу орталықтары өз қызметтерін ұсынуда.

Облыс көлемінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері жөнінде облыс әкімінің және Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің барлығында мүгедектігі бар азаматтар қатарынан штаттан тыс кеңесшілері тағайындалған. Биыл облыс көлемінде 19 үкіметтік емес ұйымдар тарапынан 27 әлеуметтік жобалар іске асырылуда. Жобалар аясында үкіметтік емес ұйымдар тарапынан жартылай стационар жағдайының күндіз болу бөлімшелерінде және үйде қызмет көрсету жағдайында 1553 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттер есебінен 409,8 миллион теңге қаржы бөлініпті. Мәселен, қашықтықтан оқыту арқылы жұмыспен қамту, бас бостандығынан айырылу мекемелерінен босап келген азаматтарға, адам саудасы құрбандарына, қандастарға, аутизм диагнозы бар балаларға, онкологиялық ауруға шалдыққан ауруларға «Хоспис» қызметтері және басқа да арнаулы әлеуметтік қызметтер берілуде. Аталған жобалар арқылы 224 адам жұмыспен қамтылса, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар саны 67-ні құрайды.

Биыл облыс бойынша 2400 жүйке ауруымен ауыратын, кресло-арбамен жүретін, тірек- қимыл аппараты бұзылған жандарға және психоневрологиялық паталогиясы бар мүгедек балаларға және көру қабілеті нашар, мүмкіндігі шектеулі жандарға Тараз қаласы мен аудандарда инватакси қызметінің 26 арнайы жабдықталған көліктері қызмет көрсетуде. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттерден 169,8 миллион теңге қаржы бөлініпті. Сондай-ақ «Тараз» Әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы 2 жаңа арнайы жабдықталған инватакси автокөлігі «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігіне сатып алынған.

Облыс орталығы Тараз қаласында және Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылында, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында мүгедектігі бар балаларға арналған иппотерапия қызметтері ашылып, 100-ден аса балаға қызмет көрсетілуде. Сонымен қатар, Тараз қаласында демеушілер есебінен иппотерапияға арналған жабық манеждің құрылысы жүргізілуде және Шу ауданы, Төле би ауылында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында иппотерапия қызметін көрсету жоспарланыпты.

– «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9, 27-баптарына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрығына сәйкес жергілікті атқарушы орган мүгедектердің жұмыс орындарына квота белгілейді. Жамбыл облысы бойынша биыл мүгедектігі бар жандарды жұмыспен қамту мақсатында 162 орынға квота белгіленіп, 1 тамызға 85 адам квота аясында жұмысқа орналастырылған. Сонымен қатар биыл 1 тамызға 1302 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, 848-і жұмысқа орналасқан. Олардың 376-сы тұрақты 472-сі уақытша жұмыспен қамтылған. 390-ы ақылы қоғамдық жұмыстарға, 50-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 23-і жастар тәжірибесіне, 3-еуі алғашқы жұмыс орнына, 6 мүгедектігі бар азамат «Күміс жас» жобасымен жұмысқа жолданған. Сондай-ақ 437 мүмкіндігі шектеулі азамат бастау бизнеспен оқытылып, 17 мүмкіндігі шектеулі азамат грант алды. Алда білек сыбана кірісетін жұмыстар көп. Қаржыны тиімді игеру арқылы азаматтарды қоғамға бейімдеу, қолжетімділікті жасау, әр азаматтың қажеттіліктерін өтеу бойынша жұмыс жалғаса береді, – дейді басқарма басшысы Еркін Келесов.

Дұрыс, мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекке тартудың маңызы зор. Биылға белгіленген 162 орынға жеті айда жартысы ғана 85 адамның жұмысқа орналасуы бұл шаруаны ширатуды көрсетсе керек. Кешегі кеңес заманында Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Қызылту» ұжымшарының даңқты механизаторы Жадыра Таспамбетова, бүгінгі кезде өзіміздің тараздық қыз Анар Бексұлтанова кеңшарда да, жеке кәсіпте де қалай еңбек етуді көрсеткен жоқ па?! Қай салада болмасын еңбектің ерен үлгісін көрсетіп жүрген мұндай қайсар да, еңбекқор мүмкіндігі шектеулі жандар кең-байтақ қазақ елінің әр қиырында бар. Сондықтан да жұмыс беруші басшы азаматтар мүгедектігі бар жандардан тартынбай жұмысқа қабылдап жатса, олар он екі мүшесі сау азаматтарға қалай жұмыс істеу керек екенін көрсетіп, үлгі болады.

Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалып жатқан қамқорлықты өзіміз де көріп те, сезініп те жүрміз. Кейінгі жылдары мүгедектігі бар азаматтар қай өңірдегі оңалту-сауықтыру орнына баратынын өздері таңдайтын болған. Әттең, осы таңдаудың ішінде «Бурабайдағы» немесе Алматы іргесіндегі бүгінде «Оқжетпес» аталатын және Сарыағаштағы кешегі кеңес одағы кезінен келе жатқан шипажайлар кездесе бермейтіні өкінішті. Өзіміздің «Меркі» де көзге түспейді. Мүмкін олардың бағасы қымбат болған соң, қаралған қаржы жетпейтін де шығар? Сонда да тағдырдың тауқыметін тартса да мойымай, өмірге құштар жандар да он екі мүшесі сау, қалталы азаматтар сияқты қамбат шипажайларда ем алып, демалғысы келетіні естен шықпаса дейміз.

Әлеуметтік желіде үздіксіз көтерілетін өзекті мәселенің бірі – жарымжан адамдардың мүгедектікке шығуы. Бірнеше ай ауруханада жатуың керек, со сын тіркелген емханаң комиссияға салады. Ол жерден дәрігерлерден жасақталған комиссия мүшелері Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті облыс бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жібереді. Сараптама бөлімінен мүгедек екеніңді дәлелдеп шығу оңай шаруа емес. Қолы немесе аяғы жоқ жандарға мүгедектікті бір жылға ғана беретін жағдайлар да кездеседі. Онсыз да тағдырдың тауқыметін көрсе де иілмей, қасқайып қарсы тұрған жандарды осы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі деген жүректеріне қаяу түсіретінін екінің бірі біледі. Айтпақшы, оны өз басымнан да өткізгенмін.

Үшінші топтағы өмір бойғы мүгедек болсам да ана жылы оңалту-сауықтыру орнына бару үшін анықтама алуға барғанда көрдім. Қысқарып қалған аяқ қайта созылып, қалпына келетіндей ары-бері біраз «айналдырып» барып, ақыры «бессрочно» деген анықтаманы зорға берген. Ел ішінде «облсобез» аталып кеткен облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен медициналық- әлеуметтік сараптама бөлімін кейбір адамдар шатастырып жатады.

Мүмкіндігі шектеулі жандар мүсіркегенді жек көреді, оларға қамқорлық пен мейірім керек. Үкімет тарапынан шешілетін тағы бір өзекті мәселе – мүгедектігі бар жандардың жәрдемақысын зейнеткерлікке шыққанда бес- алты пайызын ғана қосып берумен шектелмей, 100 пайыз қосып берсе, одан мемлекет кедей болып қалмайды.

 

Амангелді ӘБІЛ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support