- Advertisement -

«DENT HOUSE» кабинеті ашылды

67

- Advertisement -

САРЫСУ АУДАНЫ 

Аудандық орталық аурухананың клиникалық диагностикалық орталығында «DENT HOUSE» стоматологиялық кабинеті ашылды. Мұнда медициналық қызмет көрсетудің еуропалық озық үлгілері топтастырылып, жоғары білікті үздік мамандар қызмет етеді.

 Келушілердің көңілінен шыққаны – осында заманауи медициналық озық құрал-жабдықтармен тіс емдеудің, салудың, протездеудің барлық түрлері қолға алынған. Ең бастысы, тіс емдеу кабинетінде 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, әр топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, көпбалалы аналар, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері, атаулы әлеуметтік көмек алатындарға тегін көмек көрсетіледі. Сондай- ақ мұнда ақылы қызмет көрсету түрлері де бар. Халықтың әлеуметтік тобына қарай арнайы жеңілдіктер де қарастырылған. Емхананың барлық қызмет көрсетуі «Электрондық емхана» жүйесі бойынша жүргізілмек. Қазір мұнда 3 жұмыс орны ашылғанын да айта кеткен жөн.

 

 Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support