- Advertisement -

Жәрмеңкеде жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылды

70

- Advertisement -

Таразда Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің мақсаты — Тараз қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған, жұмыссыз қоғамнан оқшаулауды қажет етпейтін жаза түрлеріне сотталғандардың қайта қылмыс жасаудың алдын алу және жұмыспен қамту.

Шараға қалалық жұмыспен қамту орталығының, облыстық және қалалық прокуратура
және Тараз қалалық пробация қызметінің қызметкерлері сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған 25 сотталған жұмыс іздеуші ретінде қатысты.
Жәрмеңкеге 40-қа жуық жұмыс беруші мекемелерден 190 бос жұмыс орындарын ұсынылды, олардың ішінде: аспазшы, дәнекерлеуші, құрылыс жұмысы, электрик т.б мамандықтары бар. Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған 10 сотталған бос жұмыс орындарына жолдама алды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support