- Advertisement -

Еліміз аман, іргеміз берік болғай!

39

- Advertisement -

Қымбатты біздің айбынды офицерлер мен сарбаздар, келісімшарт бойынша еңбек ететін әскери қызметшілер, шекара қызметінің ардагерлері және Жамбыл облысы бойынша Департаменті, Жамбыл, Меркі және Қордай шекара басқармаларының жеке құрамы Сіздерді 18 тамыз – шекарашылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіз Қазақстанның қасиетті көк туы мәңгілік желбіресін! Шекара қызметі жылдамдықты, ептілікті, ұқыптылықты талап етеді. Мұнда әрбір сәт санаулы. Темірдей әскери тәртіпке нағыз ер азамат қана шыдай алады. Яғни, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының сөзімен айтар болсақ, «Тәртіпке бағынған құл болмайды».

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұлан-ғайыр мемлекеттік шекарамызды қорғаудағы еңбектеріңіз орасан. Тәуелсіздіктің арқасында қазақ елі ғасырлар бойы ата-бабамыз  арман еткен ұлан-байтақ жеріміздің шекарасын бекемдеп, мызғымастай беріктігі мен аумақтық тұтастығын айқындады. Қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол қызметті атқаруда сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Шаңырақтарыңыздан шаттық үзілмей, бейбіт еліміздің мәңгілік тыныштығын сақтай беріңіздер. Еліміз аман, іргеміз берік, берекеміз ғұмырлы болғай!

 

Ізгі тілек білдірушілер Жамбыл облысы Жамбыл шекара басқармасының Күзет тобы бастығы майор Н.М.Досжанов, күзет тобының офицерлері аға лейтенант Е.А.Палтушев пен лейтенант К.Н.Байтиков, күзет тобының жеке құрамы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support