- Advertisement -

Жастар тәрбиесі – жарқын болашақ кепілі

119

- Advertisement -

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ермұхамед Жұмабек Жамбыл облысы бойынша «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісім шарты әскерінің тобы ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі мүшелерімен кездесті.

«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында өткен шарада Ермұхамед Нұрмұхамедұлы партияның өзге де жобаларына кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ ол аталған қоғамдық бірлестік мүшелерінің қоғамдық шараларына белсенді қатысатындықтарын тілге тиек етіп, алдағы уақытта партия жобаларының бел ортасынан табылатынына сенім білдірді.

– Расында, сіздер Германия мен Варшава елдерінде әскери борыштарыңызды өтедіңіздер. Әскерден кейінгі жылдары да өз салаларыңыз бойынша қызмет етіп келесіздер. Сондықтан өмірден көргендеріңіз бен санаға түйгендеріңіз көп. Өз кезегінде қоғамдық бірлестік мүшелерінің әлеуетін партияның жобалары аясында ұрпаққа патриоттық тәрбиелеуде пайдалануымыз қажет, – деді Е.Жұмабек.

Мұнан соң «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісім шарты әскерінің тобы ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Тастанов сөз тізгіндеп, ұйымның құрылғандағы мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. Оның сөзінше, бірлестік жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында құрылған екен.

– Шынында, қоғамдық бірлестікте әскери саланың ардагерлері көп. Ал ардагер дегеніміз кеудесіне орден, медаль тағу емес, керісінше ұрпаққа үлгі-өнегесін қалдыру. Қазіргі таңда жастар әскерге барғысы келмейді. Біз солармен жүйелі жұмыс жүргізіп, әскерге бару керектігін түсіндіруіміз керек. Яғни, оқу орындарында көбірек болып, тәрбие сағаттарына қатысуымыз қажет, – деді Бақыт Сәбденұлы.

Сонымен қатар аталмыш бірлестіктің облыстағы филиалының директоры Сабыралы Қыдыралиев алдағы уақытта жастар тәрбиесіне баса мән беретіндерін атап өтті. Сондай-ақ ол бірлестіктің өңірдегі жұмысын күшейту үшін «AMANAT» партиясының аумақтағы филиалдарының қолдауы қажет екенін жеткізді. Өз кезегінде партия облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ермұхамед Жұмабек олардың көтерген ұсыныстары назарға алынатынын баса айтып, бірқатар ардагерлерді партияның Алғыс хаттарымен марапаттады.

Жиын барысында қатысушылар қоғамдық бірлестіктің Алғыс хаттарымен марапатталып, төсбелгілері табыс етілді.

Шынболат

СЕЙДУАЛИЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support