- Advertisement -

Үздік оқушылар «IQапаt»-қа аттанды

25

- Advertisement -

Биылғы 21-25 маусымда елордада «IQanat-2022» олимпиадасының республикалық слеті өтуде. Оған еліміздің 164 ауданынан іріктелген сегізінші сыныптың 750 дарынды оқушысы қатысуда. Біздің өңірден 54 ауыл мектебінің оқушысы үздік деген атаққа таласады. Күні кеше ғана үміткерлерді ата-аналар мен ұстаздар қауымы білім бәйгесіне зор сеніммен шығарып салды.

Ел аумағы бойынша ауыл оқушылары үшін әлемдік сапалы білім кеңістігіне жол ашатын ең ауқымды олимпиаданы дәстүрлі түрде «IQanat» қоғамдық қоры ұйымдастырып келеді. Соңғы төрт жылда 137 мыңға жуық ауыл оқушысы осындай мүмкіндікке ие болды. Слет аясында іріктеудің ақтық кезеңдері өтіп, 100 жеңімпаз анықталады. Қалған қатысушылар олимпиададан кейінгі білім беру бағдарламаларымен қамтылады.
«IQanat» қоғамдық қоры білім бәсекесінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуді көздейтін ауыл оқушыларына айрықша көмек көрсету мақсатында қамқоршылардың, ел болашағына бейжай қарамайтын демеушілердің қолдауымен құрылғанын да айрықша айта кеткен жөн.
– Оқушыларға сенім білдіріп, үміт сыйлайтын қамқоршылардың саны үнемі артып келеді. Өйткені мұндай қолдаудың маңыздылығы өскелең ұрпақ үшін орасан зор. Олимпиада биыл ашық оффлайн форматта өтеді және ел Үкіметі бекіткен Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына да енгізілген, – дейді «IQanat» ҚҚ Жамбыл облысы бойынша үйлестірушісі Толқын Нартаева.

Сара Байтан,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік
университетінің студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support