Амангелді Әбіл –Қазақстанның Құрметті журналисі

Амангелді Әбіл –Қазақстанның  Құрметті журналисі
ашық дереккөз
Амангелді Әбіл –Қазақстанның Құрметті журналисі
Облыс баспасөзінің қара шаңырағы саналған газетіміздің аға тілшісі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Амангелді Әбіл «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағына ие болды. Еңбек жолын 1988 жылы Жуалы аудандық «Жаңа өмір» газетінде тілші болып бастаған әріптесіміз артынша Жаңатас қалалық радиохабарлар редакциясының жауапты редакторы, «Қаратау» өндірістік бірлестігінің телеарнасында редактор болып жемісті еңбек етті. Сарысу аудандық «Сарысу» газетінің бөлім меңгерушісі ретінде де еңбегімен танылды. Осылайша, аудандық газет мектептерінде әбден шыңдалған А.Әбіл бірнеше жыл бойы облыстық «Аq jol» газетінің Сарысу және Талас аудандарындағы меншікті тілші ретінде де өзін нағыз үздіктер қатарынан көрсете білді. Аталған екі ауданның ең шалғай түпкіріне дейін аралап, мәселе көтеріп, ақпараттар таратты. Соңғы жылдары Амангелді Абылашұлы газетіміздің ауыл шаруашылығы және экономика бөлімінің редакторы болып тағы да еңбекқорлығымен танылды. Ол осы кезге дейін де облыс әкімінің және басқа да құрылымдардың Құрмет грамотасымен бірнеше рет марапатталған. Біз алдыңғы толқын әріптесіміз Амангелді Әбілді «Қазақстанның Құрметті журналисі» атануымен шын жүректен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, еңбегіне табыс тілейміз.

Ізгі ниетпен, «ақжолдықтар».

Ұқсас жаңалықтар