- Advertisement -

Бір мақсат, бір мүдде біріктерген жанұя

186

- Advertisement -

Ақиқатына келгенде, әр мамандық қадірлі! Десе де, мемлекет қауіпсіздігі саласының, яғни тәртіп сақшылардың қызметінің өзіндік ерекшеліктері мен күрделіліктері, анығырақ айтқанда, жауапкершілігі мен қиындығы ерекше зор екендігі ешқандай талас тудырмайды. Ішкі істер органдарында қызмет етіп жүрген әр адам үшін Отанды сүю, туған елге адал қызмет ету әрі бұл салаға бүкіл ғұмырын арнау өзі өсіп-өнген жанұядан бастау алса керек-ті.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінің басшы құрамы нәтижелі еңбек етіп жүрген әрбір қызметкердің отбасымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Оған себеп, қатаңдығы мен қиындығына қарамай бұл салада тынымсыз еңбек ететін әрбір жан үшін жанұядағы жылулық, шаңырақтағы шаттық маңызды екендігі. Жуырда мекеме бастығының орынбасары Бақтияр Оңбаев бірқатар қызметкерлердің шаңырақтарына арнайы барып, кәсіби міндетті бірінші орынға қойып келе жатқан погонды отбасылардың тыныс-тіршілігін көзбен көрді.

Бақтияр Әлмаханұлы бұл күні мекеме бастығының кезекші көмекшісі әділет майоры Ерлан Валиев пен бақылаушылық қызмет бөлімінің бақылаушысы әділет аға сержанты Медет Боранбаевтың шаңырағына бас сұғып, қоғам қауіпсіздігін күзете жүріп, ізін жалғар, ісін жалғастырар бала тәрбиесіне ерекше көңіл қызметкерлерге өз алғысын білдірді. Б.Оңбаев өз сөзінде берекелі шаңырақта күш-қайраты мықты халықтың тыныштығын күзете отырып, әке жолын жалғастырар адал әрі ержүрек ұл-қыздар тәрбиеленіп шығатыны сөзсіз екенін жеткізді.

— Әкеге қарап, ұл өсетіні анық. Себебі, бала — ата-ананың үлгі-өнегесін көріп қана тәлім алады. Ал Отанына адал әрі абыройлы қызмет етіп, Отан үшін от пен суға түсуге әзір жаннан қорқақ ұрпақ өніп шықпайтыны айқын. Сондықтан, тұрақтылық пен халқымыздың тыныштығын күзетіп, елге қорған
болып жүрген Сіздердің жанұяларыңызда шаттық орнап, көзге көрінген ұл-қыздарыңыздың бақытты ғұмыр кешуі басшы құрам үшін де аса маңызды. Отбасында бірлік-береке болса, қызметтеріңізде де мол жетістікке жетесіздер, — деді Б.Оңбаев.

Сөз жоқ, отбасы құндылықтарын жаңғырту, ыстық ұяның қадір-қасиетін жете бағалау – бүгінгі күні басты мәселенің біріне айналып отыр. Алайда, бір мақсат, бір мүдде біріктірген жанұяларды дәріптеу осы олқылықтың орнын толтырудың ең тиімді жолы емес пе?!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support