- Advertisement -

Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі

27

- Advertisement -

Үкіметтің «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу туралы қаулысына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі биылғы жылы сегізінші рет аталған конкурсты ұйымдастырды.

Конкурстың мақсаты – отбасылық институтты нығайту, рухани қасиеттер мен отбасылық құндылықтарды насихаттау болып табылады.
Бұл жолғы конкурсқа Тараз қаласынан әртүрлі салада еңбек етіп жүрген 9 отбасы қатысып, комиссияның шешімімен Ержановтар мен Махашевтар отбасы облыстық конкурсқа жолдама алды.
Ержановтар отбасының анасы Сапура Ержанова – бүгінде зейнет жасындағы көпбалалы ана. Ол 3 ұл, 4 қызды дүниеге әкеліп, қамқорлығына 7 ұл, 5 қыз алған. Олардан 56 немере тәрбиелеп отырған бақытты жан. Сапура Ержанова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің, «Бөбек қорының» Алғыс хаттарымен, «Алтын алқа» алқасымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, «Алтын Жүрек» сыйлығының иегері. Бүгінгі күні тәрбиелеген ұл-қыздары әр салада жемісті еңбек етуде.
Ата-анасының жолын қуып ұлы Артур Ержанов өзінің 7 баласынан бөлек қамқорлығына тағы 7 бала (4 ұл, 3 қыз) алған. Отбасында 14 баланы тәрбиелеп, ұл-қыздарына тәлім беруде.
Ал облыстық байқауға жолдама алған Махашевтар отбасының отағасы Алдаберді Меңлібайұлы Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, бірнеше кітаптың авторы, Тараз қаласы және Сарысу ауданының Құрметті ардагері, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы ұйымдастыру-әдістемелік комиссиясының жетекшісі.
Отанасы Әсия Исмаилова – ұлағатты ұстаз, «Алтын алқа» иегері, халық аспаптарының бірі – мандолина тартуды еркін меңгерген, зейнеткер.
Бұл отбасында жұлдыздай жарқыраған 7 қыз дүниеге келіп, ұлағатты тәлім-тәрбие алған. Барлығы жоғары біліммен қатар ғылым докторы мен магистратураны тәмамдаған ғалымдар. Бүгінде Махашевтар отбасы ғылым мен өнер жолының сабақтастығын жалғастырушы саналы ұрпақты жан-жақты тәрбиелеп келе жатқан, 26 немере мен 5 шөбере сүйіп отырған бақытты отбасы.
Сондай-ақ комиссия мүшелері «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысып, ерекше көзге түскен Бәкір отбасын марапаттады.
Отағасы Сәрсенбек Бәкір – Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінде музыка жетекшісі. Ал отанасы Зәуре Тоқпаева аталған колледжде арнайы пән оқытушысы. Бұл отбасында 5 қыз, 1 ұл дүниеге келген.
Отағасы Сәрсенбек Бәкір көптеген танымал ән жазған композитор, «Үкілі үміт» сазгерлер байқауының лауреаты. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support