- Advertisement -

Үнемделген қаражат қайда жұмсалды?

24

- Advertisement -

Шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінуде. Оларға ғимарат тауып беріп, кейбір жауапкершіліктен босату Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің құзырына кіреді. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруды меңзейтін маңызды бағыттардың бірі – «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасы.

Жобаның мақсаты – мемлекеттік органдарды ғимараттарды, құрылыстарды және көлік құралдарын күтіп ұстау бойынша тән емес функцияларын орындаудан босатып, аталған функцияларды кейіннен шағын және орта бизнес субъектілеріне беру.
Осы жобаны іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1012 қаулысы бекітілген. Жоба аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық бөлімшелерін, атап айтқанда Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мен оның аудандық басқармалары, қазынашылық департаменті мен оның аудандық басқармалары және ішкі мемлекеттік аудит департаменті орналасқан ғимараттар мен автокөліктерді күтіп ұстау мен оларға қызмет көрсету жұмыстарын департамент орталықтандыру жолымен атқарып келеді. Аталған мекемелер орналасқан ғимараттардың саны бүгінгі таңда департаментті қосқанда 24 әкімшілік ғимаратты құрап отыр. Бұл ғимараттар мен автокөліктерді күтіп ұстау бойынша бәсекелестік ортаға берілген.
Бүгінгі таңда аталған әкімшілік ғимараттар мен олардың іргелес аумақтарын күзету үшін жеке күзет агенттіктеріне, әкімшілік ғимараттарды тазалау және сыпыру жұмыстарын жүргізу үшін мүгедектер қоғамдық бірлестіктерге, күтіп ұстау қызметі жалпы жеке кәсіпкерлерге үлестірілген.
Бұдан бөлек, аудандық қазынашылық басқармалары мен аудандық мемлекеттік кірістер басқармалары басшылары мен қызметкерлерін тасымалдайтын 20 жеңіл автокөлік жүргізушісімен бірге жалға алынды.
Жоғарыдағы қызметтер бойынша жалпы сомасы 191 929 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияланып, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде 157 917,2 мың теңгеге келісімшарттар жасалды, осылайша бюджет қаражатының 34 011,8 мың теңгесі немесе 17,7 пайызы үнемделді.
Үнемделген қаражат есебінен Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы және Қордай аудандық қазынашылық басқармасы орналасқан ғимараттарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ департамент ғимараты мен Сарысу аудандық қазынашылық басқармасы орналасқан ғимараттарының шатырларын ауыстыруға 17 852 мың теңге қарастырылып мемлекеттік сатып алу порталына жарияланды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

Дина ТОҚБЕРГЕНОВА,
Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің активтерді басқару бөлімінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support