- Advertisement -

Қырық жылдан кейін күрделі жөндеу көруде

24

- Advertisement -

Ауданда Диқан мен Алатау орта мектептерінің құрылысы жүргізілуде. Бұл мектептерді биыл пайдалануға беру жоспарланған. Бұдан бөлек, көп жылдан бері жөндеу көрмеген білім нысандарын күрделі жөндеуден өткізу ауданда да жақсы жолға қойылып келеді. Бүгінгі таңда Мыңбұлақ, Көктөбе және Т. Тастандиев атындағы орта мектептер күрделі жөндеуден өткізілуде.

Мыңбұлақ орта мектебінің күрделі жөндеу жұмысының жобалық құны 269 728 мың теңгені құрайды. Оның құрылысын «Строительная компания ШАХ» ЖШС жүргізуде. Күрделі жөндеу жұмыстары төрт айға жоспарланған.
Нысанның жұмысына 60 құрылысшы тартылған. Қазір жұмыстар негізінен оқу ғимаратының үшінші блогында қызу жүруде. Қабырғалардың ескі сылақтарын қыру жұмыстары аяқталып, әрлеу жұмыстары басталып кетті.
– Мектеп ғимаратының үш блогының іші мен сыртын қырып, сылау жұмыстарымен қатар, едендерін, есік-терезелерін ауыстыру, сыртқы фасадын арнайы металл жабынмен қаптау жоспарланған. Сонымен қатар шатырын ашып, темір шатыр жабынымен жабу жұмыстары қарастырылған. Сонымен бірге, мектептің ауласы қайта асфальтталады. Қазіргі таңда ғимаратта демонтаж жұмыстары атқарылып жатыр. Құрылыс материалдарынан мәселе жоқ. Құрылысқа қажетті қоспалар, цемент, басқа да құрал-жабдықтар облыс орталығы Тараз бен Алматы қаласынан тасымалданып, нысан басына кедергісіз жеткізілуде, – дейді учаске басшысы Ғабиден Бақшеев.
Учаске басшысының айтуынша, құрылыс жұмысына тағы қосымша адам тарту көзделуде. Бұл мақсатта аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 15 адамға сұраныс жасалыпты. Мердігер нысанды жаңа оқу жылы қарсаңында тапсырмақ ниетте.

Нұржан МАНАСҰЛЫ,
журналист.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support