- Advertisement -

Суармалы су мәселесін талқылады

44

- Advertisement -

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қырғыз Республикасы Президентінің Талас облысындағы өкілетті өкілі Бақытбек Нарбековпен кездесіп, суармалы су мәселесін талқылады. Сондай-ақ, кездесу барысында мәдени байланыс, сауда-саттық, өзара ынтымақтастық жайы да назарға алынып, бірлескен спорттық шаралар, жәрмеңкелер, көрмелер өткізу бойынша да ұсыныстар сараланды.

Бұдан соң аймақ басшысы көрші елдегі жұмыс сапары барысында Талас облысы Қара-Буура ауданындағы Манас шыңының етегінде өткен дәстүрлі «Ұраным Манас» атты Манасшылардың республикалық фестиваліне қатысты. Шарада Манасшылар талмай ырлап, батырлық пен елдікті, татулық пен бірлікті жырға қосты.

Бердібек Сапарбаев көршілес облыстардың достық қарым-қатынасы, алыс-берісі мен барыс-келісі қашаннан үзілмей келе жатқанына тоқталып, оның қос тарап үшін де тиімділігін тілге тиек етті. Қырғыз елінің айбыны саналатын Манас рухын аспандату мақсатындағы ауқымды шараға сәттілік тілеп, қатысушыларының өнеріне ризашылығын жеткізді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support