Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбаевпен кездесті.
Кездесуде өңірдегі ахуал, облыстық ардагерлер кеңесінің жан-жақты жұмысы, қоғамдық келісім мен ынтымақтастықты нығайту және жастар тәрбиесіндегі аға буынның айрықша үлесі сараланды. Сондай-ақ, өңір басшысы Бердібек Сапарбаев ғалым, тарих ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық академиясының Құрметті академигі Өмірзақ Озғанбаевты мерейлі 80 жас мерейтойымен құттықтап, ізгі-лебізін жеткізді. Оның 200-дей ғылыми танымдық мақаланың, 30-дан астам кітаптың авторы екендігін тілге тиек етіп, ел дамуындағы елеулі еңбегін атап өтті.
Comments are closed.