- Advertisement -

Қадірменді жамағат!

84

- Advertisement -

Қадірменді жамағат!

Баршаңызды Рамазан айының келуімен құттықтаймын!

Қасиетті рамазан айына баршамызды аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын.

Ораза айында әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді. Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді.

Биыл – елеміз үшін ерекше жыл. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Осынау мәртебелі жыл елемізге зор абырой мен табыс әкелсін.

Халқымыздың мәдениетінің алтын өзегі Ислам дінінің негізінде ғасырлар бойы қалыптасқан біздің діни таным-тарихымыздың тамыры ешқашан үзілген емес. Сол себепті ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі дініміздің қадір-қасиетін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың бойына киелі Отаны мен қасиетті жеріне деген ыстық ықыласты, сүйіспеншілікті қалыптастыруымыз қажет.

Қадірлі жерлестер!

Ұстаған оразаларыңыз, жасаған дұға-тілектеріңіз бен құлшылық-ғибадаттарыңыз қабыл болсын! Алла Тағала отбасымызға амандық, елімізге береке-бірлік, жерімізге тыныштық нәсіп етсін!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support